Menu HELPDESK

Консерватория студенттері Ева, Иосиф және Семен Коган атындағы I Халықаралық аспаптық орындаушылық байқауында лауреат атанды

«Art Forum of Kazakhstan» және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ева, Иосиф және Семен Коган атындағы I Халықаралық аспаптық орындаушылық байқауын ұйымдастырды. Аталмыш байқауда лауреат атанған үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының студенттерін жеңістерімен құттықтаймыз! 


«Ансамбльдік өнер» аталымы

III дәрежелі лауреат – САКСОФОНИСТЕР КВИНТЕТІ. Құрамы: Бемм Артур, Абдрахманова Эльвира, Ерназар Әбдібек, Андрейкин Самуил, Иманбаев Азамат. Ұстаздары – И.Ю. Шубин.




«Үрмелі және ұрмалы аспаптар» аталымы (IV жас тобы)

III дәрежелі лауреат (саксофон) – МАЛИКОВ ҒАЗИЗ. Ұстазы – аға оқытушы А.В. Сафонов, концертмейстер Е.А. Скрипченко.


III дәрежелі лауреат (кларнет) және «Қазақстан композиторының шығармаларын үздік орындағаны үшін» арнайы дипломы – КҮНҒАЛИЕВ НҰРАЛЫ. Ұстазы – профессор Ж.Р. Ерманов, концертмейстер С.Д. Атагелдиев.

 

«Үрмелі және ұрмалы аспаптар» аталымы (V жас тобы)

II дәрежелі лауреат (флейта) және «Виртуоздығы үшін» арнайы дипломы – ДӘРКЕНБАЕВА АРУЖАН. Ұстазы – аға оқытушы О.В. Нестерова, концертмейстер Г.Г. Косаманов.





II дәрежелі лауреат (саксофон) және «Көне музыканы үздік орындағаны үшін» арнайы дипломы – БЕММ АРТУР. Ұстазы – аға оқытушы А.В. Сафонов, концертмейстер Е.А.Скрипченко.


III дәрежелі лауреат (саксофон) және «Артистизмі үшін» арнайы дипломы – МҰРАТОВ АЛМАЗ. Ұстазы – доцент И.Ю. Шубин, концертмейстер Е.А. Скрипченко.



III дәрежелі лауреат (ұрмалы аспаптар) – ФАЙЗУЛЛА РАСУЛЛА. Ұстазы – оқытушы Қ.Т. Ботабаев, концертмейстер Д. Искаков.

 

Байқаудың ұйымдастырушылары: «Art Forum of Kazakhstan» және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы. Байқау Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды.

Байқауға қолдау білдіргендер:

·         Алматы қаласы әкімдігі

·         «Nur Otan» партиясы

·         Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы

·         Алматы қаласының «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі

·         «Art-Mirai» жеке қорының

·         «PIANOS» Музыка және өнер орталығы

·         Қазақстан Композиторлар одағы

·         «Хэсэд Полин Қамқорлық Орталығы» республикалық еврей қайырымдылық қоғамдық бірлестігі

·         «Jas Otan» жастар қанаты

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

·         заманауи өнердің үздік үлгілерін дамыту;

·         ұлттық мәдениетті жаңғырту, сақтау және көрсету;

·         қазақстандық композиторлардың шығармашылығын дамыту және насихаттау;

·         дарынды жастарды анықтау және қолдау;

·         орындаушылық шеберлік деңгейін жетілдіру;

·         балалар мен жастардың шығармашылық әлеуетін ынталандыру.

Қазылар алқасының құрамында Қазақстан, АҚШ, Канада, Еуропа, Ресей, Қырғызстан, Белоруссия, Украина және Грузиядан танымал педагогтар, профессорлар мен доценттер, орындаушы - солистер, өнертанушылар, музыкалық сыншылар болды.

«Art Forum of Kazakhstan» ұйымының қызметі Қазақстанда классикалық музыка орындаушыларының халықаралық балалар және жастар конкурстарын өткізуге бағытталған.

Пандемияға байланысты шектеулер кезеңінде «Art Forum of Kazakhstan» ұйымдастыру комитеті дарынды балалар мен талантты жастарға қашықтан форматтағы конкурстарға қатысуға мүмкіндік беретін онлайн-платформаны іске қосты.

Сондай-ақ ұйым байқауға қатысқан әрбір қатысушыға өз өнерлері туралы сарапшылардан түсініктеме алу мүмкіндігін береді. Сарапшы ретінде әр елден белгілі оқытушылар, доценттер мен профессорлар, солист-орындаушылар қатысады.


Альбомдарға оралу