Menu HELPDESK

Консерватория студенттері Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 2020 жылғы стипендия иегерлері атанды

Биыл байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Қаскелең, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Өскемен қалаларынан 354 өтінім келіп түскен. Екі турдың қорытындысы бойынша 80 студент жеңімпаз атанды. Оларға стипендиат сертификаттары табыс етіліп, ай сайын 40 000 теңге мөлшерінде стипендия белгіленеді және «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты» мәртебесі беріледі. Жобаның негізгі мақсаты жоғары және арнаулы орта (өнер және мәдениет) білім беру оқу орындарының күндізгі бөлім студенттерінің оқуға деген құштарлығын жоғарылату, ғылыми жұмыспен айналысуын және шығармашылығын қолдау. Қордың стипендиясы ай сайын жазғы кезеңді қоспағанда бір оқу жылына төленеді.
Стипендия иегерлері арасында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясысының «Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру» факультетінің 2 курс магистранты Булатова Зарина, «Халық музыкасы» факультетінің 4 курс студенті Бақыт Бексұлтан, «Вокал, дирижерлеу және музыкалық білім беру» факультетінің 3 курс студенті Мадина Оразбай, «Аспаптық орындаушылық» факультетінің 3 курс студенті Ғимарат Ерназар бар.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы Нұрсұлтан Назарбаев Қорының 2020 жылғы стипендиаты атанған консерватория студенттерін шын жүректен құттықтап, оқуларында табыс, шығармашылық шабыт тілейді!







Альбомдарға оралу