Menu HELPDESK

Консерватория қызметкерлері министр марапатына ие болды

Консерватория қызметкерлері министр марапатына ие болды

Бүгін Ұстаздар күні қарсаңында ректор Жүдебаев Арман Әділханұлы бірқатар консерватория қызметкерлеріне ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің марапаттарын табыстап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Еліміздің мәдениет және спорт саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылығын сақтап, саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін және Ұстаздар күніне орай «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ «Фортепиано» кафедрасының профессоры Светлана Александровна Массовер Құрмет грамотасымен, «Әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасының доценті Айдос Мыңжанұлы Тоқтағұл министрдің Алғыс хатымен марапатталды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен медицина қызметкерлерінің балаларына арналған «Пайдалы бос уақыт» жазғы білім беру жобасына қосқан елеулі еңбегі үшін «Қобыз және баян» кафедрасының оқытушысы Мақсат Сағатбекұлы Медеубек пен «Халық музыкасы» факультетінің деканы Ержан Ерболатұлы Жәмеңкеев министрдің алғыс хатымен марапатталды.

Консерватория ұжымы марапат иелерін құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыстар тілейді!







 

Альбомдарға оралу