Menu HELPDESK

Консерваторияда Г. Доницеттидің «Қоңырауша» опера-буффасы қойылды



2022 жылғы 26 желтоқсан күні Құрманғазы атындағы ҚҰК Е. Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Абай атындағы Ұлттық опера және балет театры мен Құрманғазы атындағы ҚҰК студенттерінің ұйымдастыруымен Г. Доницеттидің «Қоңырауша» опера-буффасы – маскалар комедиясы қойылды.


Қойылымның орындаушылары Құрманғазы атындағы ҚҰК «Вокалдық өнер» кафедрасының студенттері: Орынбасар Сәлімбай – дон Аннибале Пистаккио, дәріханашы, Нелля Даукаева – Серафина, оның әйелі, Мақсат Саматов – Энрико, Аружан Тоқтаған – Марцеллина, Мерей Қағазбаев - Спиридоне. Сондай-ақ қонақтар (хор) – Құрманғазы атындағы ҚҰК және П.И. Чайковский атындағы АМК студенттері және Құрманғазы атындағы ҚҰК камералық оркестрі. Концертмейстер – ҚР Еңбегі сіңген қайраткері Гүлнәр Жеделова, балетмейстер – Қаршыға Дәндіғариев, режиссері – Диана Әкімбаева, дирижері – Аршат Шәріп.


Айта кетейік, осы шығармашылық топтың ұйымдастыруымен 25 желтоқсан күні «Солнышко» балалар үйінде қайырымдылық мақсатта Антонио Спадавеккианың «Күлше қыз» спектаклі қойылған болатын. Осындай шығармашылық жобаларды ұйымдастырып, студенттердің сахна шеберліктерін дамытуларына, жалпы жан-жақты кәсіби шыңдалуларына ықпал жасап жүрген ұжымға ризашылығымызды білдіріп, мол табыс, зор денсаулық тілеп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер демекпіз.





















Альбомдарға оралу