Menu HELPDESK

Консерваторияда «La Primavera» атты концерт өтті



18 мамыр күні консерваторияның Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Еуропадан келген қонақтарымыз – «MusiQuE - Music Quality Enhancement» халықаралық аккредиттеу агенттігінен арнайы келген комиссияға арналған «La Primavera» атты концерттік кеш өтті.

Кешті консерватория ректоры міндетін атқарушы, ғылыми-шығармашылық және халықаралық ынтымақтастық жұмыстар жөніндегі проректор Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызы ашып берді.

Концертке Мәдениет саласының үздігі Мұрат Бисенғалиевтің жетекшілігіндегі Студенттік үрмелі аспаптар оркестрі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ян Рудковскийдің жетекшілігіндегі Студенттік аралас хор, Білім саласының үздігі Қорлан Халилова жетекшілік ететін Ішекті аспаптар ансамблі, «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының доценті Игорь Шубин жетекшілік ететін Саксофонистер ансамблі және Білім саласының үздігі Ақмарал Әмірееваның жетекшілігіндегі Виолончелистер ансамблі, Зухра Зейінғалиева жетекшілік ететін Флейташылар квартеті, сондай-ақ, аға оқытушы Диана Құрманалинованың жетекшілігімен Ішекті аспаптар квартеті, профессор Сәуле Медеубаеваның жетекшілік етуімен Фортепианолық трио қатысты.

Сонымен қатар, концерт барысында халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары, Құрманғазы атындағы ҚҰК студенттері Арайлым Кәрібай (орган), Самат Ильмурадов (контрабас) және Рашид Рахимов (фортепиано) өз өнерлерін көрсетті. Концертмейстерлер: Жанель Әбдіқадырова, Ғимарат Ерназар және Анастасия Максютенко.






























 



Альбомдарға оралу