Menu HELPDESK

Консерваторияда Президент Қ.К.Тоқаевтың үндеуін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті


2022 жылдың 20 қаңтар күні сағат 15.00-де ZOOM платформасында Құрманғазы атындағы ҚҰК ӘГП кафедрасының бастамасымен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 11 қаңтарда Мәжіліс отырысында халыққа жасаған үндеуін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. 

Онлайн жиын барысында ӘГП кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Т.М. Сатыбалдина, аға оқытушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Қ.К.Матжанова баяндама жасады. Олар елімізде орын алған қайғылы оқиғалардан кейін, дағдарысты тудырған мәселелерді шешу үшін Президент ұсынған нақты іс-шаралар кешенінің мәні мен мазмұнына талдау жасады. Сонымен қатар, жиында сөз алған «Қобыз және баян» кафедрасының меңгерушісі, профессор Б.Ә.Қосбасаров және «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті, философия докторы (PhD) А.Р.Бердібай ел тарихындағы ең күрделі кезеңнен өту Президентіміздің дер кезінде дұрыс шешім қабылдауы негізінде мүмкін болғанын және де ресми билік тарапынан жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің маңыздылығы туралы айтты. Іс-шара барысында пікір білдіргендер де «Қайғылы қаңтар» оқиғасын қарастыра отырып, ел бірлігін, мемлекеттің тұрақтылығын сақтау ең басты міндет екеніне тоқталды.

Дөңгелек үстелдің жұмысына консерваторияның профессор-оқытушы құрамы толығымен қатысты және Мемлекет басшысының елдегі жағдайды тұрақтандыру, Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту бағытындағы барлық бастамаларын қолдайтындарын мәлімдеді.



Альбомдарға оралу