Menu HELPDESK

Консерваторияда Президент Жолдауы талқыланды



2021 жылғы 2 қыркүйекте Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессор-оқытушылар құрамы, әкімшілік өкілдері мен білім алушылары ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын талқылады. 

Консерватория ректорының міндетін атқарушы, профессор Г.Әбдірахман өз баяндамасында еліміздің одан әрі даму бағыттарын нақты және шынайы баяндаған Президент Жолдауының негізгі ережелерін атап өтті. Спикер Жолдаудаағы Мемлекет басшысы сөз еткен мәдениет пен өнер қызметкерлерінің білім сапасы мен мемлекеттік қолдау мәселелеріне ерекше назар аударды. Атап айтқанда, 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап педагогтардың жалақысын көтеру және ЖОО әкімшілігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан қабылданып жатқан нақты шаралар туралы сөз болды. Талқылауға қатысқан консерватория профессоры Е.Мамбеков жаңа қазақстандық мәдениетті және оның талантты өкілдерін ілгерілету бойынша Үкімет жоспарлап отырған шараларға, сондай-ақ креативті индустрияны қолдау қорын құру идеясын қолдайтынын білдірді. Консерватория профессоры Т.М. Сатыбалдина кездесу барысында атап өткендей, ел Президентінің биылғы Жолдауы алдыңғы Жолдаудың идеяларын нақтылап, дамыта түскен және оны еліміздің жаңғыруы мен халық өмірін жақсартудың маңызды қадамдары айқындалған, фактілерге негізделген сындарлы бағдарлама ретінде қабылдау қажет.







Альбомдарға оралу