Menu HELPDESK

Консерваторияда саксофон кеші өтті


Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А.Жұбанов атындағы Кіші залында солист, халықаралық байқаулардың лауреаты Бемм Артурдың саксофон кеші өтті.

Аталмыш шара барысында «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының аға-оқытушысы, халықаралық байқаулардың лауреаты Андрей Валерьевич Сафонов (саксофон баритон), 1-курс студенті, халықаралық байқаулардың лауреаты Ғазиз Мәліков (саксофон альт, сопрано) және саксофон сыныбының 1-курс студенті Қазына Ақынтай (саксофон альт) өнерлерін ортаға салды. Концертмейстер, халықаралық байқаулардың лауреаты – Елена Скрипченко.

Концертте шетелдік танымал композиторлардың шығармалары орындалды. Жалпы саксофон кеші жиналған көпшілікке керемет әсер сыйлап, өнерпаздар көрерменнің жылы лебізі мен қошеметіне бөленді.






Альбомдарға оралу