Menu HELPDESK

Консерваторияда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты кураторлық сағат өтті



Жақында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты кураторлық сағат өтті. Іс-шара ZOOM платформасында онлайн режимде өткізілген болатын.

Аталмыш шараның модераторы консерваторияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің басшысы, «Жалпы фортепиано» кафедрасының меңгерушісі И.В.Олексенко болды.

Кураторлық сағатқа «Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Тоқышев Қайыржан Ахметбекұлы, консерваторияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшелері, «Sanaly urpaq» студенттік қоғамдық клубының жетекшісі Аширова А.М., «Sanaly urpaq» студенттік қоғамдық клубының мүшелері және өнер ордамыздың бірінші курс студенттері қатысты. Жалпы шараға барлығы 110 студент қатысқан болатын.

«Sanaly urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Тоқышев Қайыржан Ахметбекұлы консерватория студенттеріне «Сыбайлас жемқорлықпен күрес әдістері мен құралдары» атты презентациясын таныстырып, жемқорлықтың негізгі белгілері мен онымен күресудің әдістерін түсіндірді. Қайыржан Ахметбекұлы жемқорлықпен күрес барысында мәдениет, қызметтік этика, білім және адалдықтың басты рөл атқаратындығын да тілге тиек етті.

Модератор Игорь Владимирович кеңес жұмысы, негізгі міндеттері мен жоспарда бар алдын алу іс-шаралары туралы толығырақ айтып өтті. Кураторлық сағат барысында студенттер, оқытушылар, «SANALY URPAQ» студенттік клубының қатысуымен бірқатар іс-шаралар жоспары қабылданды.

Айта кетер жайт, консерватория сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша барлық негізгі құжаттар көрсетілген бөлім бар, сондай-ақ ол жерде сенім, «жедел желі» телефондары да жазылған. Сол себепті жемқорлық белгілеріне байланысты барлық қажетті мәліметтерді оқу ордасының сайтынан ала аласыздар.

Жалпы кураторлық сағат қатысушылардың көңілінен шығып, жағымды атмосфера тудырды. Мұндай кездесулер пайдалы әрі қажет екендігі даусыз.




Альбомдарға оралу