Menu HELPDESK

Консерваториямызда тағы бір маман философия докторы дәрежесіне ие болды


Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Диссертациялық кеңесінің шешімімен Тасбергенова Гаухар Қошқарбекқызына «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді. Дипломды ректоры Жүдебаев Арман Әділханұлы табыстады.

 Гаухар Қошқарбекқызы «Жаһандық әлемге заманауи мәдениетті ілгерілетудің жиындық моделі» атты тақырыпта диссертациялық жұмысын сәтті қорғап шыққан еді. Диссертациялық жұмыс орыс тілінде жазылып, консерваториямыздың «Арт-менеджмент» кафедрасында дайындалған. Г.Тасбергенованың ғылыми кеңесшілері «ҚР Мәдениет саласының үздігі», Диссертациялық кеңест төрағасының орынбасары, консерваторияның Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Бегембетова Ғалия Зайнақұлқызы мен өнертану ғылымдарының докторы, Сорбонна университетінің Өнер және ғылым департаментінің басшысы, профессор (Франция) Киселева Ольга Игоревна болды.

Докторлық дәрежеге ие болған әріптесіміз Гаухар Қошқарбекқызын шын жүректен құттықтап, алар асуы мен бағындырар белестері мол болсын деп тілейміз!



Альбомдарға оралу