Menu HELPDESK

Консерваториямыздың жатақханасында студенттердің қатысуымен кураторлық сағат өтті

2021 жылдың 3 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының жатақханасында студенттердің қатысуымен кураторлық сағат өтті.

Шараға Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор м.а. Ешмұханов М.А., жалпы практика дәрігері, терапевт – Оңғарбаева Айзере Бекайспайқызы, учаскелік медбике - Жомартова Жаңылхан Болатбекқызы қатысты.

Кураторлық сағатта қонақтарымыз консерватория студенттеріне коронавирустық инфекция, туберкулез, салауатты өмір салты сияқты тақырыпта түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында студенттер өздерін мазалап жүрген сұрақтарды қойып, арнайы мамандардан кәсіби жауап алды.

WhatsApp Image 2021-03-05 at 18.19.23.jpeg

WhatsApp Image 2021-03-05 at 18.19.24 (1).jpeg
Альбомдарға оралу