Menu HELPDESK

Консерваторияның бірқатар ұстаздары жоғары наградаларға ие болды


Бүгін Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін берілетін жоғарғы деңгейдегі мемлекеттік наградалар табысталды. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бірқатар ұстаздары жоғары наградаларға ие болды.

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушылары, профессор Сатыбалдина Тамара Мухамедиярқызы мен доцент Алтайбаева Шолпан Жүсіпбайқызы «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Домбыра» кафедрасының профессоры, ҚР еңбек сіңірген артисі Үлкенбаева Айгүл Нариманқызы мен «Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ұлжан Байбосынова «Құрмет» орденімен марапатталды. Консерватория ұжымы көп жылдардан бері аянбай еңбек етіп келе жатқан ардақты ұстаздарды жоғары наградаларымен құттықтап, шығармашылық шабыттарыңыз сарқылмасын дей келе, зор денсаулық, қажымас қайрат тілейді!





Альбомдарға оралу