Menu
info@conservatoire.kz

КОНСЕРВАТОРИЯНЫҢ БІРҚАТАР СТУДЕНТТЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ҰСТАЗЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЭНЦИКЛОПЕДИЯЛЫҚ АНЫҚТАМАЛЫҚ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНДІ


Құрманғазы атындағы ҚҰК "Ағаш аспаптарының квинтеті" ұжымы өз жетістіктерімен рекордтар кітабына (Қазақстандық ақпараттық энциклопедиялық анықтамалық) енді.

Жуырда "Тұран" университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған КИНЭС – 2019-2021 Қазақстандық ақпараттық энциклопедиялық анықтамалығының тұсаукесері өтті. Бұл – Қазақстандағы түрлі қоғамдық құбылыстар мен оқиғалардың қалыптасу бастаулары, түрлі рекордтар, қазақстандықтардың жетістіктері жазылған Қазақстандағы алғашқы кітап.

Аталған іс-шараға Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының "Ағаш үрмелі аспаптар квинтеті" ұжымының құрамындағы барлық қатысушылар (жетістіктері кітапқа түскен) шақырылды. Атап айтсақ:

Ерманов Жанат Рахметоллаұлы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының профессоры;

Халық Дәуір – үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының 1-курс магистранты;

Малимбаева Құралай – үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының 4-курс студенті;

Қадырбеков Санжар – үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының 4-курс студенті;

Омарова Ақерке – үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының 3-курс студенті;

Жоғарыда атттары аталған консерватория профессоры мен студенттері жетістіктерінің Қазақстандық ақпараттық энциклопедиялық анықтамалық рекордтар кітабына енуімен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен бұдан да жоғары биіктерді бағындыруын тілейміз!



Альбомдарға оралу