Menu HELPDESK

Әлемдік креативті экономикада маңызды рөл атқарар зерттеу



Консерваторияның «Арт-менеджмент» мамандығының докторанты Әсел Имаеның ғылыми зерттеулері әлемдік креативті экономиканың дамуында маңызды рөл атқаруы мүмкін.

Таяуда ADBI Азиялық даму банкінің орталық талдау институтының (Asian Development Bank Institute, Tokyo) «Creative Economy 2030: Imagining and Delivering a Robust, Creative, Inclusive, and Sustainable Recovery» атты кітабы жарық көрді. Оған докторант Әсел Имаеның «Toward Sustainable Recovery and Inclusive Growth of the Creative Economy in a Post-COVID-19 World» деген тақырыптағы мақаласы енді. Зерттеу жұмысы Creative Sparks командасымен бірге дайындалып, жазылды.

«Creative Economy 2030: Imagining and Delivering a Robust, Creative, Inclusive, and Sustainable Recovery» жинағына «Жиырмалық тобына» (G-20) креативті экономиканы жандандыру жөніндегі жол картасын, соның ішінде сандық нарықты ынталандыру арқылы, жасауға мүмкіндік беретін талдамалық материалдар топтастырылған.
Докторант Әсел Имаеның Халықаралық үдерістер (Scopus) тарауына кіргізілген «Toward Sustainable Recovery and Inclusive Growth of the Creative Economy in a Post-COVID-19 World» мақаласы креативті индустрияға, атап айтқанда Қазақстанның музыкалық өнер саласына, COVID 19 пандемиясының ықпал етуі тақырыбындағы ақпан айынан маусым айына дейінгі аралықта жүргізілген зерттеулерінің нәтижесі.
Ол Creative Sparks (Елена Калюжнова, Олена Хлыстова) командасымен бірлесе отырып, карантин режимінің енгізуінен туындаған бір топ мәселелерді анықтады. Мақалада Қазақстандағы музыкалық өнерді қолдауға бағытталған, үкіметтік құрылымдарға арналған ұсыныстар мен тілектер айтылады.
«Creative Economy 2030» зерттеуінде Азияның дамушы елдеріндегі COVID-19-дың салдарларын жеңіп шығуға күш салатын саяси топтарға арналған маңызды ақпарат бар. Сондай-ақ оның ішінде 2030 жылға дейінгі кезеңде БҰҰ-ның тұрақты даму Мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын, пандемиядан кейінгі креативті экономиканы қайта жаңғырту жөніндегі ұсыныстар бар.


Альбомдарға оралу