Menu HELPDESK

«Мұзға жанған алаулар...» атты кураторлық сағаты өтті


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына орай студенттер және түлектермен жұмыс жасау бөлімі және «Арт-менеджмент» мамандығының 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Мұзға жанған алаулар...» атты кураторлық сағаты өтті. 

Кураторлық сағатқа желтоқсан көтерілісінің қатысушылары – Отарбай Қабдырахман Әдембайұлы, Иманқұлов Сәкен Жасұзақұлы мен Шұғыл-Шумақ Бауыржан мырза қатысып, сол бір желтоқсан көтерілісінде басынан өткен оқиғаларын баян етті. Кураторлық сағатта студенттер желтоқсаншыларға көкейкесті сұрақтарын қойып, желтоқсаншылардан әсерге толы жауаптарын алды.

Кураторлық сағат соңында тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректордың міндетін атқарушы Ешмуханов Мұханбет Ашхатұлы келген егемендік жолында күрескен қайсар аға-апаларымыздың жастарға үлгі екенін айтып, қонақтарымызға алғысын білдірді.





Альбомдарға оралу