Menu
info@conservatoire.kz

Маңызды шешім маусымда болмақ


Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткiзу туралы жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы осы шешімімен елімізді саяси модернизациялауға түбегейлі кіріскенін көрсетіп, өзі айтқандай «Жаңа Қазақстан – Әділетті Қазақстан» құру жолындағы ең үлкен қадамды жасауды ұсынып отыр. Халық қалауы бірінші орында тұратын «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы өз нәтижесін беріп, конституциямыздың үштен бір бөлігіне оң өзгерістер енгізілмек. Ендігі міндет – әрбір  елім деген азамат өз ісінде жауапкершілік пен адалдықты ту етіп, «Әділетті Қазақстанды» құруға аянбай атсалысуы қажет. Ел болашағы жарқын болсын!




Альбомдарға оралу