Menu HELPDESK

Маусымдағы референдумға байланысты жиын өтті

DSC_1034.JPG

Бүгін консерваторияның Е.Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында жуық арада өткелі жатқан жалпыхалықтық референдумға байланысты іс-шара өтті.

Шара барысында өнер-білім ордасының ректоры Арман Әділханұлы Жүдебаев консерватория қызметкерлерін ел болашағы үшін маңызды науқанға қолдау білдіріп, атсалысуға шақырды. Сондай-ақ, ректор көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға толықтай жауап берді. Ал әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының  профессоры Сатыбалдина Тамара Мұхамедиярқызы мен гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға-оқытушы Мәтжанова Қарлығаш Көкенайқызы жиынға жиналған консерватория ұстаздары мен қызметкерлері алдында саяси науқанға қатысты баяндама жасады.

Үштен бірі өзгеріске түскелі отырған жаңа конституциямыз толықтай халық мүддесіне жұмыс жасайтын  негізгі құжат болатынына шүбә жоқ. Жаңа заң бойынша бүкіл қазба байлықтар мен табиғи ресурстардың иесі халық болып өзгеруі - барша қазақстандықтарды ң көптен күткені еді. Басқа да жақсы өзгерістер күтілуде.
Мемлекет басшысы  елімізді саяси модернизациялауға түбегейлі кіріскенін көріп отырмыз. Олай болса, Президентіміз айтқандай «Жаңа Қазақстан – Әділетті Қазақстан» құру жолындағы ең үлкен қадамды жасауға асығыңыздар. Ел болашағы жарқын, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!







Альбомдарға оралу