Menu HELPDESK

Мемориалдық сынып ашылды



2022 жылғы 6 желтоқсан күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында, ІІ Халықаралық «Kogan’s competition» аспаптық орындаушылық байқауының аясында, Халықаралық «Art Forum of Kazakhstan» шығармашылық ұйымының қолдауымен Ева Коганның мемориалдық сыныбының ашылу салтанаты болды.


Сондай-ақ Ева Коган сыныбының ашылу және еске алу құрметіне А. Жұбанов атындағы Кіші залда фортепиано кеші өтті. Концертке «Арнайы фортепиано» кафедрасының студенттері мен магистранттары қатысты.


Сонымен қатар, мемориалдық кабинеттің ашылуы және Ева Коганды еске алу концертінің аясында 2 курс магистранты Ерназар Ғимарат «Ева Коган репертуарындағы қазақстандық композиторлардың шығармалары» және «Ева Коганның ғылыми мұрасы» атты қос бірдей жинақтың тұсауын кесті. Еңбек еселене берсін!













Альбомдарға оралу