Menu HELPDESK

«Менің мамандығым» жобасы аясында кездесу өтті


2021 жылдың 26 қазанында «Арт-менеджмент» кафедрасының ұйымдастыруымен «Менің мамандығым» жобасының аясында Құрманғазы атындығы Қазақ ұлттық консерваториясы «Халық музыкасы» факультетінің деканы, PHD, «HASSAK» этно-фольклорлық ансамблінің жетекшісі Жәмеңкеев Ержан Ерболатұлының студенттермен кездесуі өтті .

Кездесу барысында Ержан Ерболатұлы топты алға жылжыту жолында дұрыс қадамдарды қалай құру керектігі жөнінде өз тәжірибесімен бөлісті. «HASSAK» этно-фольклорлық ансамблінің ілгерілету құралдары мен оның құрылу тарихы туралы егжей-тегжейлі сипатталған слайд көрсетілді. Кездесу консерватория жатақханасының акт залында, офлайн түрде өтті. Қатысушылар іс-шараның шығармашылық атмосферасын сезініп, өз сұрақтарына тұщымды жауаптарын алуға және ең қызықты сәттерді талқылауға мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушылар: «Арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі С. Қалиевтің бастамасымен А.Оспанова, Р.Малаева және «Арт-менеджмент» мамандығының 1-курс студенттері.






Альбомдарға оралу