Menu HELPDESK

«Нәзік гүл» атты шығармашылық кеш өтті



2022 жылдың 22 қарашасы күні Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы кіші залында консерваторияның бітіруші түлегі, Республикалық конкурстардың лауреаты Ахметова Зеренің «Нәзік гүл» атты шығармашылық кеші өтті. Ұстазы: ҚР Халық артисі, профессор Ғалия Молдакәрімова.


Аталмыш шара ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Құрманғазы оркестрінің ардагері, қобызшы, профессор Зере Бейсембаеваның 90 жылдық мерейтойына арналды.


Кеш қонақтары Зинор Нұрай домбырада, Ізбасарова Аягөз прима-қобызда өнер көрсетті. Концертмейстер: ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жидилова Гүлнар Шаханқызы.











Альбомдарға оралу