Menu HELPDESK

«Парасаттылық пен адалдық – болашақтың кепілі» тақырыбында кураторлық сағат өтті


2021 жылы 24 қарашада Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Парасаттылық пен адалдық – болашақтың кепілі!" тақырыбында кураторлық сағат өтті. Шара ZOOM платформасында онлайн режимінде өтті.

Іс-шараның модераторы консерваторияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің басшысы, «Жалпы фортепиано» кафедрасының меңгерушісі И.В. Олексенко болды. Аталған іс-шараға «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Нұрсұлтан Болатұлы Бекқайыров, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор Мұхамбет Ашхатұлы Ешмұханов, консерваторияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшелері, "Sanaly urpaq" студенттік қоғамдық клубының жетекшісі А.М. Аширова, "Sanaly urpaq" студенттік қоғамдық клубының мүшелері және 1-курс студенттері қатысты. 

Нұрсұлтан Болатұлы «Jas Otan» партиясының студенттер арасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатынын, парасаттылық пен адалдық тақырыбы өте өткір екенін айтып, студенттерге партияның басты рөл атқаратын осы бағыттағы жұмыстарымен таныстырды.

Олексенко Игорь Владимирович кеңес жұмысы туралы, негізгі міндеттер және өткізіліп жатқан профилактикалық іс-шаралар туралы сз қозғап, студенттермен сауалнама сұрақтарын талқылап, олардың жауап жазуда адалдық пен әдептілікке сүйенулері керектігіне тоқталды. Студенттер, ПОҚ, "SANALY URPAQ" студенттік клубының қатысуымен бірқатар іс-шаралар жоспары қабылданды. Сондай-ақ, консерватория сайтында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша барлық негізгі құжаттар орналастырылған беттің бары, Сенім телефондары, "жедел желі" телефоны, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кездегі барлық пайдалы ақпараттар бары айтылды. Кураторлық сағат жақсы, сенімді атмосферада өтті. Диалог жасаған тараптар мұндай кездесулердің өте пайдалы екендігіне сенім білдірді.


Альбомдарға оралу