Menu HELPDESK

Профессор А.Н.Үлкенбаеваның «Домбыраға арналған концерттік шығармалар» атты жинағы жарық көрді

IMG-20201116-WA0012.jpg

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры А.Н.Үлкенбаеваның «Домбыраға арналған концерттік шығармалар» атты жинағы жарыққа шықты. Оқулық үш бөлімнен тұрады. І бөлім – Домбыра мен фортепианоға арнайы жазылған шығармалар, ІІ бөлім – Домбыра мен оркестрге арналған концерт, ІІІ бөлім – Оркестрден, ансамбльден лайықталған шығармалар.

Жинақта Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, консерватория профессоры А.Н.Үлкенбаева домбыра мен фортепианоға арналған отандық кәсіби композиторлардың таңдаулы шығармаларын өзінің еңбек жолын бастаған Құрманғазы оркестріндегі және сахнадағы көп жылғы жеке орындаушылық тәжірибесіне сүйене отырып, өз редакциясымен ұсынған. Жинақ орта және жоғары арнаулы оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне арналған.




Альбомдарға оралу