Menu HELPDESK

Баян музыкасының кеші өтті



18 мамыр күні Құрманғазы атындағы ҚҰК А.Жұбанов атындағы концерт залында «Баян музыкасының кеші» өтті. Концерттік бағдарламада классикалық туындылар және халық музыкасы орындалды. Атап айтсақ, И.С.Бах, В.Золотарев, Ф.Анжелис, Н.Меңдіғалиев, Е.Дербенко, В.Демченко шығармаларымен қатар, А.Гайсин, Д.Тұяқбаев, В.Демченколар өңдеген қазақтың ән-күйлері орындалды.

Баян мен аккардеон әлемнің көптеген елдерінде танымал. Баян жантебірентерлік әуенді орындауға қабілетті керемет әуезді дыбысқа ие. Оның терең әрі жанды дыбысы тыңдаушысын түрлі сезімдерге бөлейді. Бірде терең қайғыға батырса, бірде көңілді алып ұшар қуанышқа кенелтеді.

Баян мен аккардеонның әмбебаптығына орай олардың репертуары көптеген жанрлық бағытта құрылған: халықтық, камералық-академиялық, эстрадалық (жеңіл) музыка. Тыңдаушылар аталмыш кеште баянға арнап өңделген Бах шығармаларымен, баян классикасына айналған бірегей шығармалармен, сондай-ақ өңделген халық музыкасымен танысты.

Концертте консерваторияның баян мамандығында оқитын студенттері өнер көрсетті.





















Альбомдарға оралу