info@conservatoire.kz

Ректор Арман Жүдебаевтың мақаласы жарық көрді

htrnjh.png


Еліміздегі музыкалық ЖОО-ның бірегейі Қазақ ұлттық консерваториясының басшысы өз мақаласында студенттерге еңбек нарығында сұранысқа ие маман болуға көмектесетін лайықты білім беруді басты міндет ретінде атап өткен.

Консерватория музыкалық ұйымдардың кадрларға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға күш салуда.

2020 жылдың наурыз айынан бастап, короновирус пандемиясының туындауына байланысты консерватория да еліміздің барлық жоғары оқу орындары сияқты қашықтықтан оқыту нысанына көшті. Өнер ордасы үшін қашықтықтан оқыту жаңа тәжірибеге айналды, карантиндік шектеулерді ескере отырып, консерватория ұжымы қиын күндерді жақсы еңсерді.

Автор өз мақаласында жас ғалымдарды даярлау ЖОО-ның жеке әрі басты бағыты болып қала беретіндігін тілге тиек етті.

Өткен жыл оқу ордасы үшін жемісті болды. Консерваторияның оқытушы-профессорлық құрамы Мәскеу, Санкт-Петербург және Новосібір консерваториялары базасында, Назарбаев Университетінде, «Инновациялық жобалар зертханасында», Санкт-Петербург қаласының Ресей өнер тарихы институты мен еліміздің және шетелдің басқа да оқыту орталықтарында қашықтықтан біліктілікті арттырудан өтті.

Консерватория серіктес университеттермен ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастыруда, бұл студенттерге кәсіби шеберліктерін арттыруға үлкен мүмкіндік береді. Өнер ордасының өткен жылдағы ең жарқын жобаларының бірі – 75 жылдық мерейтойы болды. Осыған орай түрлі ғылыми және мәдени іс-шаралар өткізілді, соның арқасында біздің оқытушылар мен студенттер өздерінің кәсіби шеберліктерін шыңдады. Мерейтойға орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың нәтижелері бойынша қарарлар қабылданды, онда қатысушылар мен қонақтар ұйымдастыру комитетінің жұмысына, пікірталастардың жемісті болуына және жоғары ұйымдастырушылық деңгейге риза екендіктерін білдіргендігі де мақалаға арқау болды.

Ректор Мемлекет басшысы жариялаған Еріктілер жылы аясында өтіп жатқан іс-шараларға да ерекше назар аударады. Бұл жастармен жұмыс істеудің барлық жүйесін қайта қарауға мүмкіндік берді. Еріктілер қызметін дамыту мақсатында аталмыш білім беру мекемесінде «Ізгілік әуені» атты студенттердің еріктілер орталығы жұмыс істеп жатыр. Еріктілер жылы аясында консерватория студентері балалар үйлеріне, әлеуметтік мектептерге, медициналық-әлеуметтік мекемелерге, қарттар үйлеріне көмек көрсете отырып, «Әлеуметтік несие» республикалық жобасына қатысқан. Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде Алматы қаласының жедел еріктілер штабы құрамында полиция қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, сондай-ақ қарт адамдарға азық-түлік жеткізуге көмек берген.

Біздің жастардың, консерватория түлектерінің алдында еліміздің мемлекеттік егемендігін нығайтып қана қоймай, оның халықаралық беделін көтеру, мәдени әлеуетін арттыру міндеті тұр. Жастар ғана мемлекеттіміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы бола алады. Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы бұл фактордың берік болуы үшін тынымсыз еңбек етуде.

 

Мақаланың толық нұсқасымен сілтемеге басып, таныса аласыздар:

https://musicnews.kz/?p=4203&preview=true



вернуться в альбомы