Menu HELPDESK

Әріптестеріміз кәсіби мерекеде марапат иелері атанды

Бүгін 21 Мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бірқатар қызметкерлері «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет Грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапаттарды консерватория ректоры Арман Жүдебаев табыстады.

DSC_6701.JPG


Оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру қызметінің басшысы Алмагүл Сарымсақова, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, доцент, философия ғылымдарының докторы Әлима Қайырбекова, «Ішекті аспаптар» кафедрасының доценті Роза Тәкежанова, «Вокалдық өнер» кафедрасының аға оқытушысы Адалят Юсупова, «Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы Эльза Қарабалина «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері атанды.

Мәдениет және өнер саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылықтарын сақтап, саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Тамара Сатыбалдина, «Дирижерлеу» кафедрасының доценті Паиза Негманова, «Ансамбль өнері» кафедрасының доценті Гүлбадам Бакиева, «Домбыра» кафедрасының аға оқытушысы Баян Игілік Құрмет Грамоталарымен, ал «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Тоғжан Оспанова, «Қобыз және баян» кафедрасының аға оқытушысы Әйгерім Қарсақбаева, «Вокалдық өнер» кафедрасының аға оқытушысы Манарбек Жәлімбетов, «Жалпы фортепиано» кафедрасының аға оқытушысы Ләйлә Жангалина 21 Мамыр - Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай және еліміздің әлеуметтік-мәдени саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылықтарын сақтап, саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хаттарымен марапатталды.

Әріптестерімізді бүгінгі мерекелерімен және қуанышты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз.

DSC_6708.JPG

DSC_6745.JPG
Альбомдарға оралу