Menu HELPDESK

ҮРМЕЛІ ЖӘНЕ ҰРМАЛЫ АСПАПТАР КАФЕДРАСЫНЫҢ ОҚЫТУШЫСЫ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2021» МЕДАЛІН ИЕЛЕНДІ

Үрмелі және ұрмалы аспаптар кафедрасының оқытушысы Иманбаев Азамат Капуханұлын «БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҮЗДІКТЕР – 2021» I Халықаралық кітап басылымының ІІ дәрежелі дипломы және «ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2021» медалін иеленуімен шын жүректен құттықтаймыз!

Аталмыш іс-шара «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен өткізілді. Бұл іс-шараға тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің 100-ден астам ғылыми-педагогикалық қызметкерлері қатысты.

«Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі қызметінің негізгі бағыттары ғылымның басым бағыттары бойынша ғылыми жұмыстарды жариялау болып табылады. Бұл жобаның басты мақсаты – ғылым мен техниканың әртүрлі салаларындағы ғалымдардың, оқытушылардың, ізденушілердің (аспиранттардың) және мамандардың зерттеулері мен практикалық жұмыстарының перспективалық нәтижелерін орналастыру, посткеңестік кеңістіктің түрлі аймағындағы ғалымдар арасында теориялық өзара қарым-қатынастарды жолға қою, ғылыми нәтижелер мен зерттеу тәжірибесімен өзара алмасу.

«Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі конференциялар өткізуге маманданған. Олар өз базасында техникалық, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдардың түрлі салалары бойынша авторлық ғылыми жұмыстарды жариялайды. Конференция материалдарының жинақтары Ресейлік ғылыми дәйексөз индексі (РҒДИ) жүйесіне енгізілген. Конференцияға қатысушылардың жарияланымдары туралы ақпарат тұрақты түрде, белгіленген нысан бойынша РҒДИ жүйесіне жеткізіледі. ISSN (International Standard Serial Number) сериалдық басылымдарға арналған халықаралық стандартты нөмір. Directory of Open Access Journals деректер базасында тіркелу дайындалуда.


Альбомдарға оралу