Menu HELPDESK

«Sanaly urpaq» РЖК жетекшісі Қ.А.Тоқышевтың қатысуымен онлайн жиналыс өтті


2020 жылдың 30 желтоқсанында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ZOOM платформасы арқылы онлайн жиналыс өтті. Шараға «Sanaly urpaq» Республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Тоқышев Қайыржан Ахметбекұлы және консерваторияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты. Жиын модераторы кеңес жетекшісі, «Жалпы фортепиано» кафедрасының меңгерушісі Олексенко И.В. болды.

         Жиналыста ISO 37001 халықаралық стандарты талаптары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің халықаралық сертификаттау жобасы талқыға түсті. Қайыржан Ахметбекұлы консерватория басшылығының бұл бағыттағы жұмыс нәтижелеріне жоғары баға берді.

Альбомдарға оралу