Menu HELPDESK

«Сезім толқыны» атты концерт өтті



2023 жылдың 17 наурызында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының А. Жұбанов атындағы концерттік залында «Қобыз және баян» кафедрасының 3-курс студенті Еркін Алиманың «Сезім толқыны» атты жеке концерті өтті. Ұстазы – ҚР Мәдениет қайраткері, профессор Рауандина Шолпан Заданқызы.


Концерттік бағдарламада А. Қарсақбаеваның жетекшілігіндегі «Кертолғау» қылқобызшылар ансамблі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық оркестрінің қобызшылар тобы, Ш. Рауандина сыныбының студенттері қазақ және шетел композиторларының шығармаларын орындады.













Альбомдарға оралу