Menu HELPDESK

КОНСЕРВАТОРИЯ ҰСТАЗЫ ҮШ БІРДЕЙ АТАҚҚА БІРДЕН ИЕ БОЛДЫ


Таяуда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының Музыкатану, арт-менеджмент, әлеуметтік және гуманитарлық пәндер факультетіне қарасты әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының доценті, Философия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының педагогикалық ғылымдар кандидаты (PhD) Раушан Байсейітқызы Шыңдауыловаға М.В. Ломоносов атындағы Ресей қоғамдық және фундаментальді ғылымдар академиясының осы Академия Жарғысының негізінде Құрметті Профессор, Құрметті Доктор және Тіркелген Мүше (Академик) атты академиялық атақтары берілді.

Ұлттық консерваториямыздың ғана емес, еліміздің атына да зор абырой әкеліп, ғылымға сүбелі үлес қосып жүрген Раушан Байсейітқызын айтулы атақтарға ие болуымен құттықтап, әрқашан еңбегіңіздің жемісін көріп, бергеніңізден береріңіз таусылмай аман жүріңіз демекпіз!



 

 


Альбомдарға оралу