Menu HELPDESK

«Щелкунчиктің сиқырлы әлемі және балет патшалығы» дәрісі



Qazaq Ballet  ғылыми-шығармашылық зертханасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорымен және  Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясымен бірлесіп хореографиялық өнер тарихы бойынша «Өнер тәрбиесі» атты ашық дәрістер сериясын шығарады!


Дәріскер театр режиссері, балетмейстер, өнертану кандидаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының арт-менеджмент кафедрасының доценті, Qazaq Ballet Magazine бас редакторы, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясының бас редакторы, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының құрамындағы мәдениет бойынша Кеңесінің мүшесі Дамир Оразымбет.  


Бірінші дәрістің тақырыбы: «Щелкунчиктің сиқырлы әлемі және балет патшалығы»


Көрермендер ағаш ойыншық Щелкунчиктің пайда болуы туралы; императорлық театрдың сахна сыртындағы ең танымал жаңа жылдық партитурасын  құру туралы; Чайковскийдің сиқырлы музыкасының бүкіл әлемдегі әртүрлі хореографиялық түсіндірмелері туралы әңгімелерді тыңдайды;


Дәріс авторлық мәтін, түрлі-түсті және сирек кездесетін мұрағат материалдарының жинағын, түсініктемелермен бірге,  бейнежазбалар мен фотосуреттер ұсынады.


Күні: 8 ақпан 2023 жыл, 16:00

Өтетін орны: Нұрсұлтан Назарбаев қорының акт залы, 2 қабат

Кіру тегін. Сілтеме бойынша алдын ала міндетті түрде тіркелу қажет: https://clck.ru/33RDWV

Анықтама телефоны: +7 707 394 32 32
Альбомдарға оралу