Menu
info@conservatoire.kz

«СOVID-19 пандемиясынан кейін музыка индустриясын дамыту: Ұлыбритания мен Қазақстан тәжірибесі» атты дөңгелек үстел өтпек


2022 жылғы 30 маусымда сағат 14:00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) Қазақстандағы Creative Spark жоғары білім беру бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған «СOVID-19 пандемиясынан кейін музыка индустриясын дамыту: Ұлыбритания мен Қазақстан тәжірибесі» атты дөңгелек үстел өтеді.

Creative Spark командасының серіктестері Еуразиялық зерттеулер орталығы, Хенли Бизнес мектебі, Рединг университеті (Ұлыбритания), Қазақ-Британ Техникалық Университеті (ҚБТУ) және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (Қазақстан) болады.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – Қазақстан музыка индустриясының өкілдерін қолдау мақсатында COVID-19 пандемиясының шығармашылық индустрияларға әсері туралы зерттеу нәтижелерін іске асырудың тиімді жолдарын табу.

Спикерлер құрамында Қазақстан мен Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарының PhD докторлары мен докторанттары, сондай-ақ Қазақстан мен Ұлыбританияның орындаушылық шеберлік және арт-менеджерлік қызмет саласындағы кәсіпқойлары Рединг университетінің профессоры Елена Калюжнова, Рединг университетінің PhD докторанты Олена Хлыстова, Құрманғазы атындағы ҚҰК өнертану ғылымдарының магистрі Кешубаева Динара, Құрманғазы атындағы ҚҰК PhD докторанты Имае Асель, шығармашылық индустриялар бойынша сарапшы Қайсар Сарыбаев, PhD докторы, «Хассак» ансамблінің көркемдік жетекшісі және қатысушысы Ержан Жаменкеев, өнертану магистрі, «SNECC Entertainment» продюсерлік орталығының директоры, «Turan» этно-фольклорлық ансамблінің солисі, композитор Бекмұханбет Бауыржан, композитор, өңдеуші Ричард Михан, профессор, Forbes журналының сарапшысы Бенджамин Лейкер бар.

Анықтама: Сreative Spark (British Council) зерттеу бағдарламасы Қазақстандағы музыкалық индустрияға COVID-19 пандемиясының әлеуметтік және экономикалық әсерін зерттеуді қамтиды.

Күні мен уақыты: 30 маусым, 14:00 ( Нұр-Сұлтан қ. уақытымен)

Түрі: онлайн (MS Teams). Сілтеме: https://teams.microsoft.com/l/meetup-join

Анықтама үшін байланыс: dinara.keshubayeva.75@mail.ru


Конференцияға қатысу үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз: 

https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ameeting_MjdiY2RhM2MtMmZkNi00OGQzLWJmZjItZWMyYTgwMTI5Y...


Альбомдарға оралу