Menu HELPDESK

Ұстаздарымыз министр марапатына ие болды

Бүгін Ұстаздар күніне орай Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының бірқатар қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет Грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталды. Марапаттарды консерватория ректоры Арман Жүдебаев табыстады.

DSC_7114.JPG
«Ұстаздар күні» мерекесіне орай мәдениет саласының дамуына ерекше үлес қосқан, дарынды балаларды оқытудағы ұзақ жылғы қажырлы еңбегі мен қазақтың ұлттық музыка өнерінің дамуына және оны насихаттаудағы орасан үлесі үшін «Музыкалық білім және психология» кафедрасының меңгерушісі Есдаулетова Камила, «Арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі Қалиев Сағатбек Құрмет Грамоталарымен, «Домбыра» кафедрасының оқытушысы Динара Нұрбаева, «Музыкатану және композиция» кафедрасының оқытушысы Шолпан Таткенова және «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» кафедрасының оқытушысы Азамат Иманбеков Алғыс хаттармен марапатталды.

Әріптестерімізді мерекелерімен және қуанышты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз.

DSC_7110.JPG

DSC_7108.JPG



Альбомдарға оралу