Menu HELPDESK

Студентіміз республикалық байқаудан жүлделі оралды



Жақында елордамызда өткен «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және Үздік студенттер академиясының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай өткізілген «Қазақстан Республикасының 100 үздік дарынды студенті» атты республикалық байқауда өнер ордамыздың студенті Ерланова Анель Ерланқызы үздіктер қатарынан табылып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. 

Тек диплом ғана емес, Анель Ерланқызы ҚР Жастар саясатының дамуына қосқан үлесі және қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, көшбасшылық қабілетін көрсете білгені үшін «ҚР үздік дарынды студенті» төсбелгісіне ие болып, жеке куәлік алды.



Марапат иесіне дипломды консерватория ректоры Арман Әділханұлы табыстады.

Жүлделі орынға ие болған студентімізге өнер әлемінде мәңгі самғап, тек биік белестерден ғана көріне беруін тілейміз!



Альбомдарға оралу