Menu HELPDESK

СТУДЕНТТЕР НАЗАРЫНА!!!

виго лого.png

Эразмус+ халықаралық бағдарламасы және Виго консерваториясымен (Виго қ., Испания) келісім аясында 2021-2022 оқу жылында келесі мамандықтар бойынша бір семестрге студенттерді қабылдау жарияланады:
Бакалавриат деңгейінде: «Ішекті аспаптар», «Үрмелі аспаптар» мамандықтарының 1-2 курс студенттері.

Гранттар саны - 4: 2 (2021 жылғы қыркүйек – 2022 жылғы қаңтар), 2 (2022 жылғы қаңтар-мамыр), өтінімдер саны шектелмеген.
Конкурс мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитындар үшін де, ақылы негізде оқитындар үшін де ашық.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін кандидат мынадай өлшемшарттар мен талаптарға сәйкес келуі тиіс:
• ҚР азаматы;
• Алдыңғы оқу кезеңіндегі жоғары академиялық үлгерім;
• Жауапкершілік және коммуникабельділік.

Іріктеуді жіберуші және қабылдаушы Тараптың оқытушылар құрамы мен үйлестірушілері жүргізеді.
Мүдделі кандидаттарға сілтеме бойынша онлайн тіркеуден өту қажет: https://aec.dreamapply.com. Онлайн өтінімде жіберуші ЖОО ретінде - Құрманғазы атындағы консерваторияны, ал қабылдаушы ЖОО ретінде Виго консерваториясын таңдау қажет (choose your institution as home institution and create the mobility to Vigo).
Үміткерлерге internationaldep.knc@mail.ru электрондық пошта мекенжайына жіберу қажет құжаттар төмендегідей:
1. Ағылшын тіліндегі түйіндеме (Europass format, интернетте еркін қол жетімді)
2. Кафедра меңгерушісі мен тиісті факультеттер деканының қазақ/орыс тілдеріндегі екі ұсыныс хаты.
Ұсынылған деректер негізінде конкурстық іріктеуден сәтті өткен жағдайда, қолданыстағы IELTS сертификатын (кемінде 5,0) ұсыну қажет. Сертификат беру керек
1) 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін 2 адам.
2) 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін 2 адам (міндетті шарт), сертификаттың қағаз нұсқасын беру 14 күнтізбелік күнді алатынын назарға алуды сұраймыз.
Назар аударыңыз: қолданыстағы IELTS сертификатының болуы грант алуға кепілдік бермейді.
Іріктеуден сәтті өткен студенттер Виго қаласында 1 семестр (5 ай) мерзімге барлық шығындарды (тұру, тәуліктік, көлік) өтейтін ай сайынғы стипендиямен оқитын болады.
Онлайн өтінім берудің соңғы мерзімі: 30 сәуір 2021 ж.
МАҢЫЗДЫ!!! Өтінім берер алдында үміткерлерге Виго консерваториясының пәндерін өз бетінше таңдау немесе Виго консерваториясының пәндеріне сәйкестігін алдын ала талдау/таңдау үшін факультет деканының/кафедра меңгерушісінің көмегіне жүгіну қажет. Бұл міндетті рәсім, өйткені таңдалған пәндерді кандидаттар онлайн-тіркеу кезінде көрсетеді.

Консультацияны халықаралық бөлімнің телефон нөмірі бойынша алуға болады:
Халықаралық байланыстар бойынша аға менеджер – Ақжан Ерікқызы, +77783120915
Альбомдарға оралу