Menu HELPDESK

Студенттеріміз Беларусь Республикасында өткен байқауда лауреат атанды

Жуырда консерваториямыздың «Халық музыкасы» факультетінің студенттері Беларусь Республикасының Старо-Борисов қаласында өткен «Натхненне роднага краю» атты III Халықаралық вокал және аспаптық шығармашылық байқау-фестиваліне қатысып, жеңімпаз атанды. Аталмыш байқауда қазылар алқасының құрамында ұйымдастырушылардың шақыруымен консерваториямыздың профессоры Ерсайын Басықара төрелік етті. Өнер додасында Бексұлтан Бақыт, Назерке Базарбаева, Арна Батиханов, Мұстафа Марат, Әсел Арман, Кристина Тигай I дәрежелі, Мирас Мағжанов пен Ғалия Күнтаева II дәрежелі, ал Назира Қараш III дәрежелі дипломдармен марапатталып, лауреат атағын иеленді. Жеңімпаз студенттерімізді құттықтап, ұстаздары А.Райымбергенов, К.Сахарбаева, Е.Басықара, З.Смакова, Ш.Рауандина, Б.Игілік, А.Кеңегесов және концертмейстерлері С.Мажитова, С.Жанұзақова, Л.Кенжеғұловаларға алғысымызды білдіреміз. Орындаушылық шеберліктерімен көзге түскен өнерпаздарымызға және оларды дайындаған ұстаздарына шығармашылық табыс тілейміз!














Альбомдарға оралу