Menu HELPDESK

Студенттеріміз әлем сахнасында өнер көрсетті



Жақында Грузия мемлекетінің Цинандали елдімекенінде халықаралық «Tsinandali Festival 2022» атты классикалық музыка фестивалі өтті. 

Фестивальде әлемнің үздік музыканттарынан құралған классикалық симфониялық оркестр өнер көрсетті. Оркестр құрамында консерваторияның «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» мамандығының студенттері Алдияр Шәкенбаев пен Нұрмұхаммед Меңдібаев, сондай-ақ «Ішекті аспаптар» мамандығының білім алушылары Айлин Акынер мен Жанель Саламатова өнерлерін ортаға салды.

10 күнге созылған классикалық музыка фестивалінде әлемге танымал композиторлардың шығармалары орындалды. Өнерлерімен әлем жұртшылығын тәнті еткен студенттерімізге сертификаттар табысталып, арнайы марапаттарға ие болды. Өнер-білім ордасының атын әлемдік сахнада танытып, музыка өнерінің өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген білім алушыларымызға шығармашылық шабыт пен толағай табыстар тілейміз!



Нұрмұхаммед Цинандали.jpg

Жанель Цинандали.jpg

Айлин Цинандали.jpg

Алдияр Цинандали.jpg

Альбомдарға оралу