Menu HELPDESK

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында консерватория ректоры өнер ордасының ұжымын марапаттады

DSC_5908.JPG


Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының басшысы Арман Әділханұлы Жүдебаев Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өнер ордасының бірқатар қызметкерлерін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» медалімен, Құрмет грамотасымен және Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Рахметоллақызының, сондай-ақ консерватория ректорының Алғыс хаттарымен марапаттады.

Салтанатты шараның шымылдығын ұжым басшысы Арман Әділханұлы ашып, марапат иелерін келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, ізгі лебізін білдірді. Шара барысында «Мәдениет саласының үздігі» медалі «Домбыра» кафедрасының аға оқытушысы Нұргүл Бижанқызына, «Ансамбль өнері» кафедрасының доценті Гүлжан Махмұдқызы Сапарғалиеваға, «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті Виталий Александрович Шапиловқа және Ректор аппараты қызметінің басшысы Ермек Жанатайұлы Сқақовқа табысталды. Құрмет грамотасымен «Жалпы фортепиано» кафедрасының доценті Елена Ильинична Шин және «Дирижерлеу» кафедрасының доценті Людмила Иннокентьевна Ясонова марапатталса, Министрдің алғыс хатына «Ансамбль өнері» кафедрасының доценті Елена Анатольевна Ярославцева мен «Музыкалық білім беру және психология» кафедрасының аға оқытушысы Жұмабике Байжұманова ие болды.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы ректорының Алғыс хатымен Динара Дарбекқызы Айдарханова, Қарлыға Әділханқызы Сахова, Зумрад Пархатқызы Масимова, Бике Демьянқызы Дүйсекова, Мирасгүл Жолдығалиқызы Жошиева, Әсет Айбынұлы Сәбит, Николай Николаевич Носенко, Аркадий Сергеевич Черкасов, Нелли Маратқызы Хасанова, Нұргүл Сәкенқызы Халықова, Нұртаза Оширахинұлы Әбдіраманов, Салтанат Советқазықызы Кәрібаева, Наргиз Бауыржанқызы Қуаныш, Татьяна Александровна Горбанева, Шолпан Расылханқызы Сүлеева, Жанаргүл Құттыбекқызы Сәркенова, Алексей Алексеевич Розинкин, Ирина Анатольевна Гавриленколар марапатталды. Өнер ордасының қызметкерлеріне игі істерінің қашанда оңға басуына, әр қадамдарының қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройларының арта беруіне тілектестік білдіреміз!


 DSC_5954.JPG

DSC_6000.JPG


Альбомдарға оралу