Menu HELPDESK

V Халықаралық камералық музыка фестивалі өз мәресіне жетті



Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында 2022 жылдың 18-22 қарашасы аралығына жоспарланған V Халықаралық камералық музыка фестивалі өз мәресіне жетті. Аталмыш шараның шымылдығын 18 қарашада консерваторияның Е.Рахмадиев атындағы үлкен концерт залында «Аспаптар тілдесуі» атты концерт ашқан болатын.


Фестиваль аясында консерватория студенттері мен магистранттарына шеберлік сабақтары және шетелдік қонақтармен шығармашылық кездесулер өткізілді. Бес күнге созылған жобада бес түрлі концерт көрермендер назарына ұсынылды.


Бірінші концерт: «Аспаптар тілдесуі», орындаушылар: Құшанов Е., Акшпекова Л., Ғимарат Е., Қазиева М., Ақынер А., Максұт Ж., Жүсіп Н., Атагелдиева С., Дүйсенбаева С., Нұрланов М., Мұратали Р., Исмаилова К., Мұханбетқали Ш., Сапарбаев Е., Панарғалиева Д.


Екінші концерт: «Қазақстан композиторларының камералы-аспаптық шығармалары», орындаушылар : Құрманалиева Д., Қасымова А., Тарасевич П., Кәрібаев С., Өтетілеу А., Тхай А., Өмірбекова М., Исаева А., Бүркітбаев Ж., Сәдуақасов Д., Максимчев Т., Айтбеков Э.,


Үшінші концерт: «Фестиваль қонақтары», орындаушылар: Жания Әубәкірова (Қазақстан), Олег Сендецкий (Ресей), Дмитрий Новгородский (АҚШ), Сергей Ким (Австрия).


Төртінші концерт: «Фортепиано дуэттері. концерт «Арнау», орындаушылар: Дмитрий Новгородский (АҚШ), Сергей Ким (Австрия).


Бесінші концерт: «Гала-концерт», орындаушылар: Барокко музыкасы ансамблі, студенттік камералық оркестр, Михаил Широченко.












Альбомдарға оралу