Menu HELPDESK

VIII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЛТЫН ОЛИМП» БАЙҚАУЫ (РЕСЕЙ) ОСЫ ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРДЫ


Жаңа жыл қарсаңында Құрманғазы атындағы ҚҰК қоржыны тағы бір марапатпен толықты. VIII Халықаралық "Алтын Олимп" байқауы (Ресей) осы жылдың қорытындысын шығарды, байқауға қатысушыларға марапаттарын беріп, олардың болашақта бұдан өзге де жеңістерге жетуге деген құштарлығын оятты.

Құрамында Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан, Польша, Израиль, Белоруссия, Германия, Түркия, Нидерланды өкілдері бар құзыретті, жоғары кәсіби және объективті қазылар алқасы қатысушылар жіберген конкурстық материалдарды бағалады. Номинациялар санаттары өте кең және әртүрлі. Бұл байқаудың бір тартымды тұсы – мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен, әртүрлі елдерден түрлі жас санаты (жас тобы) бойынша түрлі аспаптарда ойнайтын және түрлі жанрда орындаушылардың қатыса алуы.

Аталмыш байқауға қатысып, жүлделі орын алып, жеңіс тұғырынан көрінгендер:

«Жалпы фортепиано» кафедрасының аға оқытушысы Айдарханова Динара Дарбекқызы "Музыка тарихы мен теориясы" номинациясына, журналистика және публицистика санаты бойынша қатысты. Байқау қорытындысына сәйкес «Аспиранттар мен кәсіби музыканттар» жас тобы бойынша Динара Дарбекқызы I ДӘРЕЖЕЛІ ЛАУРЕАТ ДИПЛОМЫМЕН марапатталды.

"Жеке орындаушылық" номинациясы "Жалпы фортепиано" санаты, "Жоғары кәсіптік оқу орындарының студенттері, 1-2 курс" жас тобы бойынша Айдархан Айсұлу I ДӘРЕЖЕЛІ ЛАУРЕАТ ДИПЛОМЫМЕН марапатталды. Ұстазы – Гафиатуллин Тауфик Хайдарович.

"Жеке орындаушылық" номинациясы "Фортепиано" санаты, "Жоғары кәсіптік оқу орындарының студенттері, 3-5 курс" жас тобы бойынша Қуатқызы Дария II ДӘРЕЖЕЛІ ЛАУРЕАТ ДИПЛОМЫМЕН марапатталды. Ұстазы – Массовер Светлана Александровна.

Сондай-ақ байқау лауреатын дайындағаны үшін Гафиатуллин Тауфик Хайдарович Алғыс хатпен марапатталды.

Халықаралық байқауда жеңіс тұғырынан көрінген консерватория студенті мен оқутышыларын осы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Оларға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!





Альбомдарға оралу