Menu HELPDESK

Юрий Петрович Аравин «Отан» орденімен марапатталды



Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығы бойынша бүгін ұлттық мәдениетті және музыка өнерін насихаттау мен дамытуға қосқан ерекше еңбегі үшін музыка зерттеушісі, ғалым, ұстаз Юрий Петрович Аравин «Отан» орденімен марапатталды. Юрий Петрович «Музей звуков», «Малая антология казахской музыки» сынды көптеген телебағдарламалар арқылы көрермен көзайымына айналған болатын.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында көптеген жыл ұстаздық еткен музыкатанушыны қазақ музыкалық фольклорының білгірі ретінде әріптестері де жоғары бағалайды. Консерватория ұжымы Юрий Петровичті марапатымен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат тілейді!

 



Альбомдарға оралу