Menu HELPDESK

«Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өтті

Тәрбие және әлеуметтік жұмысы жөніндегі проректорының м.а. Ешмуханов Мұханбет Ашхатұлы тәрбие жоспарына сәйкес 1-курс студенттерімен «Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кураторлық сағатын өткізді. 

Жиынға қатысқан қонағымыз, Алматы қаласының Бостандық ауданы бойынша ювеналды полиция қызметкері, полиция капитаны Аманқұлова Тұрсынкүл Серғазықызы сөз алып, жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың түрлерімен таныстырып, заң тұрғысында түсіндіру жұмысын жүргізді. Кураторлық сағат барысында полиция қызметкері студенттердің сұрақтарына тұшымды жауаптарын берді.


Альбомдарға оралу