Menu HELPDESK

«Жатақханаға орналасу ережелерімен таныстыру» тақырыбында кураторлық сағат өтті

3b6e24fa-6e7f-4a21-af64-429f39f5143f.jpg

Бүгін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ZOOM платформасы арқылы 1-4 курс студенттеріне арналған «Жатақханаға орналасу ережелерімен таныстыру» тақырыбында кураторлық сағат өтті. 

Кураторлық сағатты консерваторияның Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры м.а. М.А.Ешмұханов жүргізді. Ол студенттерді жатақханаға орналасу ережелерімен толықтай таныстырып шықты.

Мұхамбет Ашхатұлы өз сөзінде: «Құрметті студенттер! 2021-2022 оқу жылының 2 маусымы басталды. Елімізде болып жатқан пандемияға байланысты 1-4 курстағы студенттерді жатақханаға кезекпен орналастыратын боламыз, мүмкіндігінше, денсаулықтарыңызға жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын. Аурудың алдын алу жолдарын қарастыруымыз керек, егерде ауырып қалсаңыздар, жедел түрде тексеріліп, басқа студенттерге зиянымыз тимеу үшін ПТР тест тапсыруларыңызды сұраймын», - деп атап өтті.

Консерваторияның Студенттер және түлектермен жұмыс жасау бөлімінің жетекшісі Жалғас Ысқақов, студенттерге жатақхананың ішкі тәртібі мен жатақхана әкімшілігіне бағынбаған жағдайда жатақханадан шығарылатынын алдын ала ескертті.

Проректор кураторлық сағатты «Тәртіп жөнінде айтып өткен Жалғас Жанысұлының сөздеріне құлақ түріңіздер! Жатақхана ережелерімен толықтай танысып, тазалық пен тәртіпті сақтауларыңыз қажет. Сондай-ақ, денсаулықтарыңызды да күтуді ұмытпаңыздар!», - деп қорытындылады.


zoom 1.jpg

zoom жиналыс.jpg

Альбомдарға оралу