Menu HELPDESK

Жетіліктің жүлдесі

Үстіміздегі жылғы мамырдың 17-22-сі күндері аралығында Америкада (АҚШ) халықаралық Accordion Star International 2022 байқауы өткен болатын. Аталған бәсекеде Ғалымжан Нарымбетов бастаған септет Астор Пьяццолла аталымы бойынша 1-орынды жеңіп алды.

Септеттің құрамында Ғалымжан Нарымбет (аккордеон), Еркебұлан Сапарбаев (1-скрипка), Қанат Шәкібаев (2-скрипка), Дархан Сәдуақасов (альт), Мұса Керімбаев (виолончель), Бекежан Рақышев (контрабас) және Арман Жайым (фортепиано) өнер көрсеткен еді.

Сондай-ақ, осы бәсі мықты бәсеке додасына Ғалымжан Нарымбетов өзінің негізгі, жеке аталымымен қатысып, жүлделі 3 орынды иеленді.

Консерватория түлектерінен құрылған ансамбльді және қазіргі таңда консерваториямыздың «Қобыз және баян» кафедрасында қызмет ететін Ғалымжан Нарымбетовті атаулы жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!

WhatsApp Image 2022-06-01 at 04.27.54.jpeg

WhatsApp Image 2022-06-01 at 04.30.27.jpeg


Альбомдарға оралу