Menu
info@conservatoire.kz

ЖӘМЕҢКЕЕВ ЕРЖАН ЕРБОЛАТҰЛЫ (PHD) ДОКТОРЛЫҚ ДИССЕРТАЦИЯ ҚОРҒАУЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

Жаменкеев Ержан Ерболатұлы қорғауы туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Мәдениет және cпорт министрлігінің Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының философия докторы (PhD) дәрежесiн беру жөніндегі докторлық диссертацияларды қорғау бойынша 6D040100 – Музыкатану, 6D042300 – Арт-менеджмент, 6D040500 – Дирижерлеу, 6D040200 – Аспапта орындаушылық, 6D040400 – Дәстүрлі музыкалық өнері мамандықтары, Диссертациялық кеңесі 6D040400 – Дәстүрлі музыкалық өнері мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесiн алуға байланысты «Қазақтың домбыра дәстүріндегі күлкі мәдениеті» тақырыбында жазылған Жәмеңкеев Ержан Ерболатұлының диссертациялық жұмысы қорғалатынын хабардар етеді. Диссертациялық жұмыс қазақ тілінде жазылған, Құрманғазы атындағы ҚҰК «Домбыра» кафедрасында дайындалған.

Ғылыми кеңесшілер:

1. Сабырова Әлия Сұлтанмұратқызы – өнертану кандидаты (PhD), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану және композиция» кафедрасының доценті;

2. Славомира Жераньска-Коминек – hability докторы, Варшава университеті музыкология институты тарих факультетінің профессоры (Польша Республикасы).

Ресми рецензенттер:

1. Аманова Роза Асанкызы – өнертану докторы, Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы Философия және саяси-құқықтық зерттеу институты «Өнертану» бөлімінің меңгерушісі.

2. Қасымова Зүлфия Мәлікқызы – өнертану кандидаты, ҚР Білім және Ғылым Министрлігі М.O. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері.

Диссертациялық қорғау Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының (Алматы қ., Абылай хан даңғылы, 86) Конференц-залында (103 бөлмесі), 2018 жылдың 12-ші қарашасында, сағат 16.00 өтеді.