info@conservatoire.kz

Кітапхана



Өтінім үлгісін жүктеу


Консерватория кітапханасы  кітап қоры жағынан  республиканың ең ірі ноталық кітапханасы болып табылады және  мұндағы кітап қоры ЖОО-да оқытылатын  мамандықтар бойынша қалыптасып, мамандықтар профиліне толық сәйкес келеді.
Қазіргі уақытта кітапхана қорында 212 мыңнан астам кітап бар. Қорды қамтитын басылымдар әртүрлі: ноталар, өнер жайлы ғылыми-танымдық әдебиеттер, кітаптар, музыка саласы бойынша мерзімді басылымдар, анықтамалық басылымдар – музыкалық сөздіктер, энциклопедиялар, жарияланбаған материалдар – диссертациялар мен дипломдық жұмыстар.
Кітапханамызда сақталған Қазақстанның алғашқы ноталық басылымдары біздің ең үлкен құндылығымыз болып саналады. Сирек кітаптар қорында  сақталған шетелдік 1882 жылғы баспа басылымдары құнды дүниелердің бірі.
2016 жылы кітапхана қызметкерлері «Құрманғазы атындағы ҚҰК ноталық бірегей кітапханасы  – ашық білім беру ресурсы» жобасын әзірледі және  ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссия жетекшілік ететін ЮНЕСКО-ның  2016-2017 жылдарға арналған бағдарламасына қатысуға өтініш берді. 2017 жылы осы жоба бойынша ЮНЕСКО-ның қаржылық қолдауын иелендік.  Жобаның мақсаты – қолда бар ноталық қорды сақтау, сондай-ақ консерваторияның әртүрлі ақпараттық тасымалдағыштардағы бай музыкалық ресурстарын  жұртшылыққа қолжетімді етуге бағытталған еді. Жоба қорытындысы бойынша сирек кездесетін музыкалық басылымдар цифрландырылды, түптеліп, қалпына келтірілді. Сонымен қатар Қазақстанның ноталық кітапханалары арасында кітапханалық ноталық қорларды түптеу, қалпына келтіру және цифрландыру бойынша әдістемелік ұсыныстар жасалып, таратылды.
Цифрландырылған сирек басылымдарға онлайн режимде http://elib.kaznu.kz/notes жалпыға бірдей қолжетімділік бар.
2015 жылдан бастап кітапхана жыл сайын RILM (Халықаралық музыкалық әдебиет көрсеткіші) халықаралық библиографиялық жобасына қатысады, онда еліміздің музыкалық өмірі туралы ақпараттар мен консерватория мұғалімдерінің музыка жайлы жазған ғылыми мақалалары беріледі. RILM 151 елден 215 тілде 800 000-нан астам құжатты қамтиды.
2013 жылдың желтоқсанында кітапхана кітапханалық қорды цифрландыруды бастады, яғни электронды тасымалдағыштардағы ноталық басылымдардың қоры қалыптасты.Ноталық басылымдарды сандық форматқа тиімді ауыстыратын арнайы компьютерлік бағдарламалармен қатар   ScanMaster-1, ScanMaster-2 сканерлері сатып алынды.
2013 жылы ғылыми оқу залы қайта модернизацияланып, соның нәтижесінде кітапхана оқырмандары  өз бетімен жеке  жұмыс жасауы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалды, атап айтқанда, электрондық каталогқа, толық мәтінді деректер базасына, ғаламторға, тегін әлемдік музыка ресурстарына еркін кіруге мүмкіндік артты. 
Қазіргі таңда консерваторияның Электронды кітапханасы 13703 цифрландырылған электронды құжаттардан тұрады, оның 3383-і қазақ тілінде.

Кітапхана құрылымына мына бөлімдер кіреді:

Кітапхана қорын сақтау және қызмет көрсету бөлімі консерваторияның екі корпусында орналасқан: абонемент пен оқу залында оқырмандарға оқу әдебиеттерін беру мен қабылдап алу қызметін көрсетеді. Кітапхана қорын сақтау мен сақтау тәртібін қамтамасыз етеді, кітапхана қорын жөндеу / қалпына келтіру жұмыстарын жасайды; білім беру мен ғылыми процестерге жол ашатын жаңа кітаптардың тұсаукесерін ұйымдастырады.

Әдебиеттерді жинақтау және катологтау бөлімі кітапхана қорын ретроспективті жинақтауды жүзеге асырады. Бұл бөлім баспа басылымдарын ғылыми-техникалық өңдеу, жүйелеу, каталогтау  жұмыстарын іске асырады. Кітапханаға келіп түскен кітаптардың жалпы және жеке есебін жасайды. Электронды каталог жұмысын қадағалайды және каталогты редакциялайды,қызмет көрсету каталогын басып шығарады.  Мамандықтар мен пәндердің кітаппен қамтылу картотекасын жүргізеді.

Кітапхананың электронды ресурстар бөлімі оқу және ғылыми бағдарламалар бойынша Құрманғазы атындағы ҚҰК электронды кітапханасының деректер базасын қалыптастырады.   Web of Science, Scopus, ScienceDirect және т.б. деректер базасына  қолжетімділікті ұйымдастырады, ақпараттық және анықтама-библиографиялық қызмет көрсетеді. Ақпаратты деректер базасына тіркеу және мәліметтер базасында ақпарат іздеу бойынша оқыту семинар / тренингтері мен ақпаратты тиімді пайдалану білімі мен машығы жөнінде іс-шаралар өткізеді.


2 0 1 9

Құрметті, әріптестер!

Сіздер 21 қазанға дейін JSTOR (https://www.jstor.org/) порталының «Өнер» бөліміндегі мәліметтерді консерватория қабырғасындағы кез келген компьютермен, сондай-ақ оқу ордасының кітапханасындағы компьютерлер арқылы кіріп, қолдана алатындықтарыңызды хабарлаймыз.

JSTOR – ғылыми және публицистикалық журналдар мен еуропа тілдеріндегі кітаптардың базасы. JSTOR-ды қолдана отырып, сіз өзіңізге қажетті материалдарды тегін іздеу мүмкіндігіне ие боласыз әрі оларды PDF форматында жүктей аласыз.

JSTOR-да музыка жайында мыңнан астам кітап сақталған және онда  ғылыми қоғамдастық ретінде танылған 100 музыкалық журналдың, соның ішінде ««Perspectives of New Music = Жаңа музыканың келешегі», «Journal of the American Musicological Society = Американдық музыкалық қоғам журналы», «Early Music = Ескіден қалған музыка», «Tempo = Темп», «The value of Art = Өнер құндылығы», және т.б. архивтері тұрақты түрде жаңартылып отырады.

 

2019


ZNANIUM.COM ЖҮЙЕСІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНАСЫ (Сілтеме 28 қараша мен 28 желтоқсан аралығында қолжетімді)

https://new.znanium.com/catalog/books/theme?code=01


Құрманғазы атындағы халықаралық деректер базасына қолжетімділігі


                                                                                                                     2018

Әлемдік деңгейдегі электронды ресурстарға қолжетімділік тәртібінің баяндамасы
Құрманғазы атындағы ҚҰК ұлттық және шетелдік деректер базасына қолжетімділігі
Құрманғазы ҚҰК-нің әлемдік және республикалық деңгейдегі электронды ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы келісімдер тізімі




МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАР ТІЗІМІ


ЖАҢА БАСЫЛЫМДАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ БЮЛЛЕТЕНЬДЕРІ