Menu HELPDESK

Аязбаева Айнұр Исатайқызы

         КОНЦЕРТТІК-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ



Айнур.jpg
           БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ:

           Тел: +7 (727) 338 45 06

                      

           E-mail: koncotdelknk@mail.ru

 

 

    







 Мәдениет саласының үздігі

Алматы қаласының П.И.Чайковский атындағы саз колледжін домбыра, жеке орындаушы және оқытушы мамандығы бойынша (1998-2002 жж.), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын музыкатану мамандығы бойынша (2002-2006 жж.), Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономика университетінде (НАРХОЗ) «Менеджмент» мамандығы бойынша (2017-2019) бітірген. 2022 жылдан бастап ҚР Ғылым Академиясының аспиранты.

Қызметтік жолы: Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясынның гастрольдік-концерттік бөлімінің музыкалық редакторы (2005-2008 жж.), гастрольдік-концерттік бөлімінің менеджері (2008-2009 жж.), гастрольдік-концерттік қызметі басшысының орынбасары (2009-2012 жж.),  Алматы қаласы Мемлекттік қуыршақ театрында кадр бөлімінің бас инспекторы (2012-2016 жж.), №198 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары (2016-2018 жж.)

А.И. Аязбаеваның мәдениет саласына қосқан үлесі зор. Көптеген шет елдерде Қазақстанның мәдениет күндерінде, атап айтқанда Оңтүстік Корея, Ресей, Қытай, Болгария, Турция, Чехия, Славения, Франция, басқа да Қазақстанның көптеген қалаларында концерттік-гастрольдік іссапармен барып өнер көрсетті.

2005-2012 жылдар аралығында Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында менеджер қызметін атқарған кезде мол тәжірибе жинақтады. Көптеген шетел қонақтарының концерттері жоғары деңгейде өткізілуі соның нәтижесі. Сонымен қатар филармония ұжымының іс-сапарлары бойынша да қыруар жұмыстар атқарылды. Бұл арқылы ұйымдар арасындағы жүргізілген келіссөздердің оң нәтиже беруіне үлкен еңбек сіңірді. Өткізілген мерзімдік концерттер мен байқаулардың жарнамасын көрнекті түрде әрлендіруге септігін тигізді.

2018 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында концерттік-шығармашылық жұмыстартарды ұйымдастыру қызметін атқаруда.

Консерваторияда қызмет жасап жүріп "Бабадан аманат" Республикалық дәстүрлі музыка фестивалі, көптеген жеке орындаушылар мен өнер ұжымдарының Гала-концерттері, консерваторияның 75 жылдық мерейтойына арналған концерттер мен салтанатты жиындар сынды әртүрлі форматтағы іс-шаралардың ұйымдастырылуына ат салысты. Қазақстандық және шетелдік танымал музыканттар мен педагогтардың концерттері мен шеберлік-сыныптарының үйымдастырылуына да ықпал етті.

2018 жылы Түрксой ұйымының бас хатшысы Қасейінов Дүйсен Құрабайұлының мәдени саласының дамуына қосқан үлесі үшін арнайы алғыс хатымен марапатталған.

2018 жылы еліміздің әлеуметтік-мәдени саласының дамуына қосқан үлесі және көпжылдық құрметті еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

2021 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Жоғары кәсіби қабілетін, музыкалық өнер және білім беру саласындағы қызметінің жоғары көрсеткіштерін ескере отырып «Жоғары кәсіптік білім беру саласындағы үздік менеджер» («Лучший менеджер в сфере высшего профессионального образования») медалімен наградталған.

Өнер саласындағы жалпы жұмыс өтілі 20 жылды құрайды.


Құжаттар