Menu HELPDESK

САРЫМСАҚОВА АЛМАГҮЛ СЕССИЯҚЫЗЫ


Sarymsakova A.
Оқу үдерісін басқару орталығының басшысы

Байланыс: 8 (727) 272 63 67

БІЛІМІ:

2016 жыл -  Білім сапасын  қаматамасыз  ету бойынша   Тәуелсіз  Қазақстан агенттігі

(НКАОКО), ұлттық  сараптама   сертификаты, мерзімі  - 3 жыл.

2015 жыл - М.В. Ломоносов атындағы  Мәскеу Мемлекеттік Университеті. Leadership international institute (Тұран, Алматы).

Мамандығы: (MBA Plus: strategic leadership & management). Дипломы сертификаты бар(diploma certificate).

2003-2006 - Қазақ - Америка университеті, магистратура

Мамандығы: Менеджмент.  Магистрлік  диссертация  тақырыбы: «Мемлекеттік емес жоғары оқу орындарында оқу удеріс ұйымдастыру менеджменті (Казақ – Америка университеті мысалы ретінде)».

1996-1999 - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы, аспирантура.

Мамандығы: этномузыкатанушы

1994 – 1996  - Құрманғазы атындағы  Алматы мемлекеттік консерваториясы. 

Мамандығы: этномузыкатанушы (ғылыми тәжірибе)

1989 – 1994  - Құрманғазы атындағы  Алматы мемлекеттік консерваториясы

Мамандығы: домбырашы, халық оркестрінің  дирижері;

1985 – 1989  -  Тәттімбет  атындағы  музыкалық училище Қарағанды қаласы.

Мамандығы: домбрашы,  халық оркестрінің  дирижері.

 Мамыр, 2011 жылы – 17.00.02 – «Музыкалық өнер» мамандығы бойынша ғылым   кандидаты дәрежесін алды. Диссертация тақырыбы: «Қазақтың  домбыра  дәстүріндегі жыр-күйі мен   ән-күйі».

06.10.14 ж. – авторлық құқық объектісіне айрықша меншік құқығын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік: монография «Қазақтың  домбыра  дәстүріндегі жыр-күйі мен  ән-күйі  және  олардың Қазақстанның заманауи музыкалық мәдениетіндегі ролі», Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы туралы комитет (№ 1827).

 ЖҰМЫС ТӘЖІРИБЕСІ:

Лауазымдары :

 2017 -  Құрманғазы атындағы   Қазақ Ұлттық консерваториясы ректорының  кеңесшісі;

 2007 - 2017 - Халықаралық білім беру корпорациясының ғылым жөніндегі проректоры    (ХБК), «Қазақ-Америка университеті» кампусының директоры;

2006-2017 - оқу ісі жөніндегі проректор ҚАУ;

2004-2006 - ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі  проректор ҚАУ;

2001-2004 - ҚАУ ғылыми-әдістемелік кеңестің  әдіскері, ғылыми хатшы;

1998-2001  - ҚАУ кітапханасының директоры;

1998-1999  - ҚАУ бизнес-орталығының офис менеджері;

2010 по 2017ж.ж.  -   ХБК директорлар кеңесінің мүшесі.

03.01.2015 ж. бастап  -  ХБК қауымдастырылған  профессор

Оқытатын пәндері: «Ұйымдастырушылық мінез-құлық», «Өзін-өзі басқару», «Ғылыми зерттеу әдістері». 

ЖАЛПЫ  ЕҢБЕК ӨТІЛІ: 26 жыл (жоғарғы оқу орнын  қоса есептегенде)


ҚОСЫМША  АҚПАРАТ:

Соңғы  10 жылда  біліктілікті арттыру мақсатында, оқу жүйесімен танысып  жоғары оқу орындары арасында келісім-шарт жасау үшін әлемнің 20 университетіне барды.

Солардың қатарында Израиль, Италия, Ұлыбритания, Түркия, Грузия, Малайзия, Солтүстік Кипр тағы басқалары бар  (сертификаттары бар).

 Есеп  бойынша  60-тан астам конференцияларға баяндамашы ретінде қатысып, (музыка, білім, менеджмент бағытында)  80-нен астам мақалалары жарияланған, солардың  ішіндегі 7 мақаласы:  Будапешт (Венгрия), Санкт-Петербург (Ресей), Иерусалим  (Израиль),  Мәскеу (Ресей), Нью-Йорк (АҚШ),  Ардахан (Түркия)  сияқты  алыс жақын шет елдерде  жарық көрді.

Жоғары оқу орындарының  бес нормативтік және әдістемелік құжаттарын әзірлеуге қатысты (реттеу, ережелер).

ҚАУ жанындағы мектептің білім беру қызметіне екі рет лицензия алды.  Басшы ретінде университеттің 4 аттестациясы мен  аккредитациясынан   өтті (институционалдық, мамандандырылған).

ҚАУ кампусының директоры ретінде ҚАУ жанындағы  (0-11 сыныптар) мектебін,  Алматы байланыс колледжін (қызметкерлерді іріктеу, оқу процессі, аттестациялау және т.б.) қадағалады.

2000 жылдан бастап ҚАУ-нің «Transactions of the Kazakh-American University» - «Қазақ-Америка университетінің еңбектері» ғылыми журналы бас редакторының орынбасары қызметін атқарды, 35 нөмірі шықты.

2012 жылдан бастап - Консультативтік Кеңестің мүшесі – тоқсан сайын шығатын      «Karadeniz Black Sea» (Түркия) халықаралық  қоғамдық ғылымдар журналының редакция алқасы.

2014 жылғы қаңтардан бастап - «Халықаралық білім беру корпорациясының хабаршысы» ғылыми журналының  редакциялық алқа  мүшесі.

  Құрманғазы  атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы (Алматы), Қазақ ұлттық өнер  университеті  (ҚазҰӨУ) (Астана),  Т. Жүргенов атындағы  Қазақ ұлттық өнер академиясы (Алматы) түлектерінің дипломдық  жұмысы және  докторлық, магистрлік  диссертациялар  сарапшысы.

2016 жылдың қазан айынан бастап - Құрманғазы  атындағы «Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ жанындағы 6D040400 –Дәстүрлі музыкалық өнер, 6D040200 - Аспаптық орындау, 6D040500 –Дирижерлік  6D042300 – Арт-менеджмент, : 6D040100 – Музыкатану, мамандық және профиль бойынша докторлар мен  философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін  беру  туралы  диссертациялық кеңестің мүшесі.

 2017 жылы 21 тамыздан  23 тамызға  дейін   ҰБТ және ҚТА-ны қайта ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі қызметін атқарды.

марапаттары,  атақ  дәрежесі 

2017 жыл, қыркүйек – ҚР жоғары  білім  беруді  дамытуға  және жас мамандарды  даярлауға қосқан  үлесі үшін ҚР жоғары оқу  орындары  Ассоциациясынан  алғыс хат; 

2017 жыл, 15 қыркүйек - « Қазақ-Америка  Университетінің дамуына   ерекше үлес қосқаны  үшін» ҚАУ-нің 20- жылдығына арналған медаль;

2017 жыл, қыркүйек – ҚР жоғары  білім  беруді  дамытуға  және жас мамандарды  даярлауға қосқан  үлесі үшін  Алматы қаласы  Бостандық ауданы   әкімдігінің құрмет грамотасы (№204);

2012 жыл, қыркүйек – ҚР жоғары  білім  беруді  дамытуға  және жас мамандарды  даярлауға қосқан  үлесі үшін   ҚР жоғары оқу  орындары  Ассоциациясынан  Ахмет  Байтұрсыновтың   күміс медалі;

2012 жыл, маусым - «Үздік адамдар» энциклопедия  кейіпкерінің  құрмет белгісі (халықаралық кітаптың екінші басылымы);

2007 жыл, желтоқсан -  ҚР - ның білім беру  саласындағы ерекше еңбегі үшін, ҚР БҒМ -нің  «ҚР білім  беру  ісінің  құрметті қызметкері»  төс белгісімен марапатталған.


Біліктілікті арттыру (соңғы 3 жыл):

2017, 27 қаңтар - НААР (рейтинг және аккредиттеу  тәуелсіз агенттігі) семинары: «Жоғары білім берудің  сапасын тәуелсіз бағалау  ретінде жоо-ның  рейтингі», Астана қ. (Сертификат –тіркеу  № 0059-17)

2017, 2 наурыз - Семинар: «Ереваннан кейінгі сапаны қамтамасыз ету үшін еуропалық жоғары білім аймағының құрылымы», Астана, НКАОКО (Куәлік № 031).

17 шілде - 2017 жылғы 31 шілде - жалпы орта білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары: «Білім беруді жаңғырту жағдайында білім беру ұйымы басшысының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру», «Табыс» оқу-әдістемелік орталығы,72 сағат көлемінде, Алматы қ. (сертификат №УМЦ-Т/с-1338).

14. 08. – 18. 08. 2017 ж.  - курстар “Academic Leadership Success and Research Writing Skills”, 40 a/h,  оқытушы - Халықаралық менеджмент ғылымдарының докторы, профессор Патрик Лоу (Сингапур), Инновациялық және қосымша білім беру институты  (certificate).

2016, 26 мамыр - жоғары оқу орындары басшыларының V-Еуразиялық форумына қатысу. Назарбаев Университетінің (Астана қ.) семинарларын тыңдаған: тақырыбы  «Жыл сайынғы бағдарламаларға аналитикалық шолу (Провост Офис) жүргізу арқылы академиялық сапаны жақсарту», «Білім беру саласында ғылыми  зерттеулер жүргізу (Білім берудің жоғары мектебі)» (Сертификаты бар ).

23.11.16 - семинар: «ЖОО-да қаржылық және кадрлық басқарудың заманауи құралдары»  ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ақпараттық-аналитикалық орталығы» АҚ ұйымдастырды.

6 қаңтар 2015 ж. - Стамбулда (Түркия) біліктілікті арттыру курстары. Тренинг тақырыбы: «ISO 9001-Quality management system and quality in education». Тренингті ұйымдастырушы Belgeturk Uluslararasi Belgelendirme ve Gozetim Hizmetleri Ltd.Sti (сертификат).

2015 жылдың 2-16 қаңтар аралығында Ыстамбұл қаласында (Түркия) Болон процесі бойынша тренинг тыңдалды, Ильгиз техникалық университеті (сертификат - 72 сағат).

26-27 ақпан 2015 жыл - семинар-тренинг: «HR Management of Universities»,Тұрар Рысқұлов атындағы  Жаңа экономикалық университет (сертификат - 24 сағат).

2015, сәуір - ПЛЮС IBA бағдарламасы бойынша семинарлар: М.В. Ломоносов  атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің «Стратегиялық көшбасшы және Менеджмент» тақырыбы бойынша  бизнес-акселератор шебері, (MBA Plus: strategic leadership & management  Leadership international institute (Тұран).   Диплом сертификатына  ие болды (diploma certificate)

 2014 ж, Желтоқсан – курстар: «Әр түрлі саладағы пәндерді  оқытудың тиімді әдістері». Ұйымдастырушы: Қазақ ақпарат және бизнес академиясының біліктілікті арттыру Департаменті, 72 сағат (сертификат).

2014 ж., Желтоқсан – Семинар «Заманауи  оқытудың тиімді әдістері, халықаралық тәжірибе» - 6 сағат, оқытушы: Дональд Хоскинс, АҚШ, Қазақ ақпарат және бизнес академиясының біліктілікті арттыру Департаменті (сертификат).

2014 жылғы 12-21 қараша -  семинар «Кейс-стади - оқыту әдісі ретінде»  семинары - 36 сағат, Қазақ  ақпарат және бизнес академиясы(сертификат).