Menu HELPDESK

Қобыз және баян кафедрасы



КАФЕДРА ТАРИХЫ


6B02104 – «Дәстүрлі музыка өнері», мамандырылуы «Халық аспаптары» (Прима қобыз, қыл қобыз, альт қобыз, бас қобыз, баян, аккордеон) мамандығының білім беру бағдарламасы 1945 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында іске асырылуда.

1945 жылдан бастап халық аспаптар кафедрасы ашылып, оның ұйымдастырушысы және бірінші меңгерушісі – қазақстандағы кәсіби музыка мектебінің негізін қалаушы академик, Қазақ КСР Халық артисі, профессор А.Қ. Жұбанов болды. Өзінің қалыптасуында кафедра дәрежесінен (1945) бастап факультет мәртебесіне (1980) дейінгі білім беру қызметінің даму сатыларын көрсететін бірнеше кезеңнен өтті. А.Жұбанов негізін қалаған кафедра 35 жыл бойы республиканың халық аспаптарында орындау саласындағы ғылыми-әдістемелік және мәдени орталығы бола отырып, домбыра, қобыз, баян, ұрмалы аспаптар, сондай-ақ оркестрге дирижерлік ету сияқты аспаптық мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асырды. Осы кезеңде «Дәстүрлі музыка өнері» мамандығын одан әрі дамыту жолдарын алдын-ала айқындаған көптеген атақты музыканттар мен педагогтар еңбек етті – Қ. Жантілеуов, Л. Мұхитов, Х.Тастанов, Қ. Мұхитов,   Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларынан шақыртылған профессорлар И. Лесман, Л. Эдельман, М. Легкунец, Б. Сарыбаев, Ж. Қаламбаев, Д. Мықтыбаев.

Халық аспаптар кафедрасын А. Жұбанов (1945-1947), Л. Хамиди (1947-1951); Л. Шаргародский (1951-1954), А. Жұбанов (1954-1961), Х. Тастанов (1961-1971), Ф. Балғаева (1971-1980) сынды тұлғалар басқарды.

1980 жылы консерваторияда халық аспаптар факультеті құрылады. Факультеттің алғашқы деканы болып Қаз КСР еңбек сіңірген артисі, профессор М. Кәленбаева ұзақ жылдар бойы қызмет атқарады. Сол жылдары Халық аспаптар факультетінің құрамына кіретін Қобыз және баян кафедрасы ашылады.

Консерваторияның алғашқы түлектерінің бірі – Қазақ КСР Халық артисі, профессор Ф. Балғаева кафедра меңгерушісі болып тағайындалды. Қызмет барысында Фатима Жұмағұлқызының жетекшілігімен кафедраның кадрлық әлеуеті қалыптасты, сонымен қатар, оқу үдерісі аясында жаңа оқу жұмыс бағдарламалары мен оқыту әдістемелері жүйеленіп, жетілдірді.

Қобыз және баян кафедрасын: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Д. Тұяқбаев (1988-2004), ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Б. Қосбасаров (2004-2009), ҚР Мәдениет қайраткері, профессор З. Смакова (2009-2016), аға оқытушы, өнертану ғылымдарының магистрі А. Қарсақбаева (2016-2018), профессор Б. Қосбасаровтар (2018-2022) әр жылдары меңгеруші қызметін атқарды.

Қазіргі таңда кафедра меңгерушісі қызметін өнертану ғылымдарының магистрі А. Қарсақбаева атқарады. Кафедраның құрамында Қаз КСР еңбек сіңірген артисі, профессор М. Кәленбаева, ҚР Халық артисі, профессор Г. Молдакәрімова, ҚР Еңбек сіңірген артисі, профессор А. Гайсин, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Б. Қосбасаров, ҚР Мәдениет қайраткері, профессор З. Смакова, ҚР Мәдениет қайраткері, профессор Ш. Рауандина, PhD докторы М. Медеубек, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары, өнертану ғылымдарының магистрлері, аға оқытушылар - С. Қожахметов, Б. Жүнісова, М. Керімбаев, Ә. Рақымжан, оқытушылар – Р. Оразғалиева, Ғ. Нарымбетов, Н. Шегебаева, Ф. Амантаева, С. Ақмолдаев, А. Аязбаева, Ж. Дүйсенбаева, А. Шұғай.

Қобыз және баян кафедрасы – ХХІ ғасырға рухани бай тәжірибесімен, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін баға жетпес ұлттық дәстүрлерімен және орасан зор шығармашылық әлеуетімен енген консерваторияның жетекші кафедраларының бірі. «Қобыз және баян» кафедрасы халық аспаптарында орындаушы (қыл қобыз, прима қобыз, альт қобыз, бас қобыз, баян, аккордеон) теңдесі жоқ өнер және мәдениет қайраткерлерін, дәстүрлі орындаушыларды тәрбиелеу ісіне зор үлес қосуды өзіне мақсат тұтады. 


Оқытушылар құрамы:

Қарсақбаева Айгерім Әлімжанқызы – аға оқытушы, өнертану ғылымының магистрі, Кафедра меңгерушісі 

Қосбасаров Базархан Әбуұлы  – профессор (ВАК), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері 

Амантаева Фариза Ерболатқызы  - оқытушы, өнертану ғылымдарының магистрі

Аязбаева Анар Исатайқызы  - оқытушы, өнертану ғылымдарының магистрі

Гайсин Анатолий Мубаракзянович – профессор (ВАК), ҚР еңбек сіңірген артисі

Жүнісова Балжан Бекенқызы – аға оқытушы, өнертану ғылымының магистрі

Саргизова Гүлнұр Ғалымқызы - оқытушы, өнертану ғылымдарының магистрі

Каленбаева Меруерт Қабыкенқызы  – профессор (ВАК), ҚР еңбек сіңірген артисі

Керімбаев Мұса – оқытушы, Мәдениет саласының үздігі

Қожахметов Сұлтан Тайғараұлы – аға оқытушы, Мәдениет саласының үздігі

Молдакәрімова Ғалия Әбіләкімқызы – профессор (ВАК), ҚР халық артисі

Ақмолдаев Саян Досмухамбетұлы  - оқытушы, ҚР Мәдениет саласының үздігі

Нарымбетов Ғалымжан – оқытушы, өнертану ғылымының магистрі

Рақымжан Әсел – оқытушы, өнертану ғылымының магистрі

Рауандина Шолпан Заданқызы – ҚР мәдениет қайраткері, профессор (акад.)

Смакова Зәуре Нығметқызы – ҚР мәдениет қайраткері, профессор (акад.)

Оразғалиева Рита Маратқызы – оқытушы, Мәдениет саласының үздігі

Шұғай Айғаным Шұғайқызы – оқытушы, өнертану ғылымының магистрі

Ақажан Бағжол – оқытушы, өнертану ғылымының магистрі

Ғабдрахимова Ғазиза Ғабдрахимқызы – оқытушы, Менеджімент магистры