Menu

Баян, аккордеон

Білім беру бағдарламасының тобы
В021-Орындаушылық өнер
Білім беру бағдарламасы:
6В02115 – ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР
(БАЯН, АККОРДЕОН)

Бұл мамандыққа келесі оқу орындарының түлектері түсуге құқылы:
1.      музыкалық колледж;
2.      мамандандырылған орта музыка мектептері;
3.      өнер колледжі;
4.      гуманитарлық-педагогикалық колледж;
5.      жоғары оқу орындары (екінші жоғары білім алу – ақылы негізде).

І. МАМАНДЫҚТАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ЕМТИХАН

Баян, аккордеон:

·                   Полифониялық шығарма

·                   Күрделі формадағы шығарма 1-ші бөлім (сонаталық формадағы) немесе 2,3-ші бөлімдер

·                   Қазақстан композитораның шығармасы немесе баянға өңделген домбыра күйі

Қабылдау емтиханы хатшысының мағлұматтары:

Шұғай Айғаным Шұғайқызы, тел. номері: +7 702 4231576,

почта: aiganym.shugai@mail.ru

Талапкерлер үшін
шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері
І-шығармашылық емтихан

33-45 балл

Талапкердің орындаушылық шеберлік деңгейінің жоғары талапқа сай келуі, артистизмі, техникалық шеберлігі, шығармалардың авторлық мәтінін сауатты орындалуы.

19-32 балл

Шығармалардың орындаушылық жоспарын түсіне орындау, нота мәтінін нақты білу, музыкалық стилін ұстану. Бірақ, техникалық-динамикалық еркіндік ойдағыдай емес, дыбыс сапасы мен түрлілігі онша байқалмайды.

5-18 балл

Бағдарламадағы шығармаларды тұрақсыз орындау, шығармалардың стилі мен мазмұнын түсінбеу, дыбыс бояуын жеткіліксіз меңгеруі (дыбыс алу, динамика, фразировка, ритм, есту қабілетін қадағалау).

0-4 балл

Тоқтап қалу, мәтіндегі қателіктер, орындаушылық аппаратының тырысуы, тұрақсыздық, белсенділіксіздігі,  дыбыс бояуы, техникалық және көркемдік құралдарының жеткіліксіз меңгеруі, түсуге арнайы бағдарламаның міндетті деңгейге сәйкес келмеуі.

ІІ. МУЗЫКА-ТЕОРИЯЛЫҚ ПӘНДЕР БОЙЫНША ЕКІНШІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

Гармония – билеттер бойынша ауызша (туыстықтың бірінші дәрежелі үндестігінде модуляция ойнау, өтетін хроматикалық дыбыстарды қамтитын диатоникалық немесе хроматикалық жоғары немесе төмен секвенция; туындының бастапқы кезеңіне гармоникалық талдау);

Сольфеджио – жазбаша: хроматизмдермен, альтерациямен, ауытқулармен немесе туыстықтың бірінші дәрежелі тоналдылығымен модуляциямен кезең нысанындағы 2 дауысты диктант.


Талапкерлер үшін
шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері
ІІ-шығармашылық емтихан

33-45 балл:

Диктантты дұрыс жазу; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын терең білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дәл анықтау; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын еркін меңгеру;

19-32 балл:

Диктантта шамалы дыбыстық және ритмикалық қателіктердің болуы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын жақсы білу; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын жақсы білу.

5-18 балл:

Диктант жазудағы елеулі қателіктер; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын орташа білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дұрыс анықтамау; модуляцияларды ойнау және секвенцияларды құру заңдылықтарын білмеуі мен дағдыларының жеткіліксіздігі.

0-4 балл:

Диктант жазу, модуляциялар мен секвенциялар ойнау дағдыларының болмауы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын білу деңгейінің төмендігі.