Menu

Қыл қобыз

Білім беру бағдарламасының тобы
В021-Орындаушылық өнер
Білім беру бағдарламасы:
6В02115 – ДӘСТҮРЛІ МУЗЫКАЛЫҚ ӨНЕР
(ҚЫЛ ҚОБЫЗ)

Бұл мамандыққа келесі оқу орындарының түлектері түсуге құқылы:
1. музыкалық колледж;
2. мамандандырылған орта музыка мектептері;
3. өнер колледжі;
4. гуманитарлық-педагогикалық колледж;
5. жоғары оқу орындары (екінші жоғары білім алу – ақылы негізде.

 
І. МАМАНДЫҚТАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ЕМТИХАН

 
Қыл қобыз:
·     Күрделі формадағы шығарма (Соната немесе концерт)
·     Қазақстан композиторының бір шығармасы (ф-но сүйемелдеуімен)
·     Қыл қобызға арналған 3 күй
Қабылдау емтиханы хатшысының мағлұматтары:


Талапкерлер үшін
шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері
І-шығармашылық емтихан

33-45 балл
Талапкердің орындаушылық шеберлік деңгейінің жоғары талапқа сай келуі, артистизмі, техникалық шеберлігі, шығармалардың авторлық мәтінін сауатты орындалуы.
19-32 балл
Шығармалардың орындаушылық жоспарын түсіне орындау, нота мәтінін нақты білу, музыкалық стилін ұстану. Бірақ, техникалық-динамикалық еркіндік ойдағыдай емес, дыбыс сапасы мен түрлілігі онша байқалмайды.
5-18 балл
Бағдарламадағы шығармаларды тұрақсыз орындау, шығармалардың стилі мен мазмұнын түсінбеу, дыбыс бояуын жеткіліксіз меңгеруі (дыбыс алу, динамика, фразировка, ритм, есту қабілетін қадағалау).
0-4 балл
Тоқтап қалу, мәтіндегі қателіктер, орындаушылық аппаратының тырысуы, тұрақсыздық, белсенділіксіздігі,  дыбыс бояуы, техникалық және көркемдік құралдарының жеткіліксіз меңгеруі, түсуге арнайы бағдарламаның міндетті деңгейге сәйкес келмеуі.

 
ІІ. МУЗЫКА-ТЕОРИЯЛЫҚ ПӘНДЕР БОЙЫНША ЕКІНШІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН

 
Гармония – билеттер бойынша ауызша (туыстықтың бірінші дәрежелі үндестігінде модуляция ойнау, өтетін хроматикалық дыбыстарды қамтитын диатоникалық немесе хроматикалық жоғары немесе төмен секвенция; туындының бастапқы кезеңіне гармоникалық талдау);
Сольфеджио – жазбаша: хроматизмдермен, альтерациямен, ауытқулармен немесе туыстықтың бірінші дәрежелі тоналдылығымен модуляциямен кезең нысанындағы 2 дауысты диктант.

 

Талапкерлер үшін
шығармашылық емтихандарды бағалау критерийлері
ІІ-шығармашылық емтихан

33-45 балл:
Диктантты дұрыс жазу; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын терең білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дәл анықтау; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын еркін меңгеру;
19-32 балл:
Диктантта шамалы дыбыстық және ритмикалық қателіктердің болуы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын жақсы білу; модуляция және секвенция ойнау дағдыларын жақсы білу.
5-18 балл:
Диктант жазудағы елеулі қателіктер; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын орташа білу; гармоникалық талдаудағы функцияларды дұрыс анықтамау; модуляцияларды ойнау және секвенцияларды құру заңдылықтарын білмеуі мен дағдыларының жеткіліксіздігі.
0-4 балл:
Диктант жазу, модуляциялар мен секвенциялар ойнау дағдыларының болмауы; гармонияның теориялық курсының тақырыптарын білу деңгейінің төмендігі.уы; музыканың қарапайым теориясының теориялық курсында тақырыптарды білу деңгейінің төмендігі.